Жетісу облысында тамыз айынан бастап, қызылша ауруымен сырқаттанушылық тұрақсыз. Бүгінде алғашқы нақтамамен 778 жағдай тіркеліп, оның 576 расталды.
Расталған жағдайлардың 81% бұрын қызылшаға қарсы вакцинация алмаған. Жас көрсеткіші бойынша басым көпшілігі 5 жасқа дейінгі балалар. Яғни 56,2%.
Қосымша жаппай иммундаумен облыста 34 131 адам қамтылды, оның ішінде 6-10 айлық сәби – 3449, 2-4 жастағы бала – 24 732, медициналық қызметкер – 3577, екпелерді өткізіп алған 18 жасқа дейінгі тұрғын – 2373.
Құрметті ата-аналар! Қызылшаның ең тиімді алдын алу жолы — вакцинация. Әр қосымша доза иммунитетті нығайтатынын ескеріп, екпе алуға шақырамыз!