Қоғам

Жетісу облысының мемлекеттік архив филиалдары құжат сақтайтын ғимаратты қажет етеді

Жетісу облысының мемлекеттік архивінің құрамына 10 филиал кіреді. Яғни: Ақсу, Сарқан, Алакөл, Қаратал, Кербұлақ, Текелі, Көксу, Ескелді, Панфилов  және жеке құрам бойынша Талдықорған бөлімі. Аталған ғимарат мамандары жұмысын тыңғылықты атқарып келеді. Оған дәлел биылғы V  Республикалық «Жас архившілер» байқауы бойынша жүлделі 1-орынды «Жетісу жұлдыздары» еншілеген.
Десе де Бейсен құранбек атындағы журналистер үйіне Жетісу облысы
мемлекеттік  архивінің құжаттарды пайдалану және ғылыми-анықтамалық аппарат бөлімінің басшысы Кенже Қанапиянова мен Облыстық мемлекеттік архивінің мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Гүлмира Дүйсенбекова бірқатар бұйымтайымен келді.
80 жылдық тарихы бар Жетісу облысының мемлекеттік архивінің мекемелерінде жалпы 2 837 қор, 717 608 сақтау бірліктері бар.
«Архив – ұлттың даму жолын, болмысын, бар тарихын айна-қатесіз құжат нұсқасында сақтайтын киелі шаңырақ. Өңіріміздің архившілері жүйелі жұмыс жүргізуде. Қор мен істері жыл санап өсіп келе жатқан мекеменің техникалық жабдығы да жоғары көрсеткішке ие. Алайда бүгінгі күні бізді мазалайтын өзекті мәселелер де аз емес. Жетісу мемлекеттік архивіне облыс орталығы Талдықорған қаласынан 2 милион, ал Текелі, Ескелді, Көксу, Кербұлақ, Панфилов, Қаратал филиалдарына  500 мың сақтау бірлігі сыйымдылығымен ғимарат салуды қажет етеді. «Архив-2025» іс-шаралар жоспары аясында құжаттардың физикалық-химиялық, техникалық жай-күйін анықтап, зақымданған парақ беттерін өңдеуден өткізу үшін қалпына келтіру зертханасын сатып алу қажет.», — дейді Кенже Қанапиянова.
Гүлмира Дүйсенбекова әріптесі айтқан өтініштер бойынша жауапты органдарға сұраныс білдіргенін жеткізді. Нәтижесінде қазіргі таңда қала әкімі Жетісу мемлекеттік архивіне арнап өлкеден 70 соттық жер берді. Келесі жылдан бастап бөлінген жерге құжат сақтауға арналған ғимарат бой көтермек. Спикеріміз болашақта басқа қала аудандарға да көңіл бөлінсе екен деп тәмәмдады сөзін.