ҚоғамҚұқық

Бұл қаржылық пирамида ма, жоқ па?

Жыл жылжыған сайын қаржылық пирамидалар да көбейіп, халық қалтасын қағып келеді. Тек бір мысал ретінде, биылғы жылы Q-net компанисынан Жетісу өңірінің тұрғыны 3,8 миллион теңге шығынға батқан. Осындай алаяқтықтың кезекті құрбаны болмас үшін не істеу керектігі туралы Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Ербол Құрманбаев пен департаменттің аға жедел уәкілі Бауыржан Текесбай айтып берді.
Спикерлердің айтуынша, кез келген мекеме немесе интернет-ресурстардың қаржылық заңсыздықтарға қатысы бар деп күмәндансаңыз «BAIQA, PIRAMIDA!» телеграмм ботын пайдаланып, тексере аласыз. Осылайша, қаржылық пирамидалардың құрбандары азаймақ.
Айта кетейік, мұның алдын алу мақсатында облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері «Q-net», «Amanat drive» және «Elous» компанияларына қатысты тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеріс нәтижесінде Q-net жәбірленушілерді 220 миллион теңгеге сан соқтырғаны белгілі болды. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Талдықорған қаласының азаматтары күмәнді инвестициялық жобаларға тартылған қаржылық пирамиданың жолын кесті.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында қаржы пирамидаларының әрекеттерінен азаматтарға келтірілген залал туралы өзекті мәселені көтеріп, олардың жолын кесу бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды. Департамент ІТ құралдарының көмегімен интернет желісінде заңсыз мазмұнды іздейді. Нәтижесінде қаржы пирамидасының белгілері анықталған сайттар киберқадағалау жүйесі арқылы бұғаттау үшін уәкілетті органға жіберіледі.
«Өңірде аталған алаяқтық белгілері бар шоттардың жазылушыларын анықтауға мүмкіндік беретін аналитикалық жүйе енгізілді. Бұл мақсатты аудиториямен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті ІТ-құралдарын пайдалана отырып жүргізілген талдау нәтижесінде Талдықорған қаласындағы «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы атқарылған қаржы пирамидаларын әшкерелеп қызметін тоқтатты. Бұл аккаунт иелері қаржы пирамидасын жарнамалап, азаматтарды инвестициялық жобаларға тартумен айналысқан. Біз дереу веб-сайтты бұғаттауға алдық. Егер шаралар қабылданбаса, оның салдары азаматтарға үлкен зиян келтіріп, халықтың әлеуметтік шиеленісіне әкеп соқтыратыны анық», — деді Ербол Құрманбаев.

Related Posts

Жетісу облысы

Талдықорғанда қала күні ауқымды түрде атап өтіледі

Биыл қала күнін тойлау Талдықорған қала мәртебесін алғанына 80 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Әр жыл сайын бұл мереке қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Мерекелік іс-шаралар айдың басынан, соңына дейін
Жетісу облысы

Мәртебелі театр – өркениеті өскен елдің еншісі

Бүгін 27 наурыз - Халықаралық театр күні. Бұл мереке ғұмырын сахнада өткізетін әртістердің ғана емес, өнерсүйер қауымның төл мейрамы. Мереке қарсаңында облыстағы өнер ордасының қарашаңырағы Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының
Жетісу облысы

Жетісу облысының аумағында 185 адам қар құрсауынан құтқарылды

Облыста республикалық автожолдарда – 2,  облыстық тасжолдарда – 10 қар басу аймағы бар. Жыл сайын ауа райының қолайсыздығына байланысты қыс мезгілінде 100-ден астам жүк және жеңіл автокөлік қар құрсауында қалады.
Қоғам

Алматы облысында балалардың көбі қысым көргенде не істеу керегін білмейді

Қонаевта сауалнама жүргізген AMANAT партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты осындай дерек жариялаған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында балалар мен жасөспірімдер арасында қоғамдық