ҚоғамЭкономика

Қазақстанның ұлттық валютасына — 30 жыл

1993 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы — теңге енгізілді. Биыл еліміз ұлттық валютаның 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осыған байланысты Өңірлік  коммуникациялар қызметі алаңына баспасөз конференциясына ұлттық валютаны енгізуге қатысушы Білімтай Түменбаевты шақырылды. Онымен бірге брифингке облыстың ұлттық банкі филиалының директоры Зере Үстенова және қолма-қол ақшамен жұмыс бөлімінің бастығы Ғалия Сәдуәқасова да қатысты. Спикерлер теңгенің 30 жылдық  тарихын  және алғашқы үлгілердің қалай көрінгенін айтып берді.

Ұлттық банк 1992 жылғы 27 тамызда теңге-купюралардың үлгілерін бекітті. Суретшілер қазақ валютасын тарихи тұлғалардың портреттерімен және Алатау мен Көкшетаудың көріністерімен бейнеледі. Алғашқы банкноттарды Англияда Harrison&Sons фирмасы басып шығарып бір апта ішінде Қазақстанға жеткізіп отырды. Қағаз монеталар да сол жерде жасалған. Бүгінде Алматыдағы банкнот фабрикасында көп жылдық тәжірибенің арқасында банкноттар шығару толығымен жолға қойылған.

«Ұлттық валюта монеталары шартты түрде үш түрге бөлінеді: айналым, инвестициялық және коллекциялық. Халықаралық марапаттар Қазақстан банкноттары Халықаралық көрмелер мен конкурстарда жоғары бағаланады. Халықаралық валюта қауымдастығы л (IACA) номиналы 10 мың теңге болатын банкнотты 2007 жылы әлемдегі ең үздік деп таныды. 2016 жылы 20 мың теңге сомасындағы банкнот High Security Printing Europe конференциясында марапатқа ие болды», — деді Зере Үстенова.

Теңгенің алғашқы үлгілерін суретшілер Тимур Сүлейменов, Мендібай Алин, Тоқсалы Дүзелханов және Қайролла Абжалелов салған. Валютада белгілі тарихи тұлғалардың портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстауда табылған тастағы нақыштар  басылған.

«Бүгінгі күні «Қазақ елі» сериясы бойынша самұрық қола құсы бейнеленген 91 метрлік стелла қолда бар. Ол 1991 жыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін білдіреді.  Қазіргі уақытта «Қазақ елі» сериясының ең жоғары наминалы — 20 мыңдық купюра», — деп толықтырды Ғалия Сәдуақасова.

«Бүгін біздің ұлттық валютамызға 30 жыл толды. Біз өз валютамызды сақтауымыз керек. «Теңге» атауын алып, оны одан әрі дамытып, бағалайық», — деп құттықтады ұлттық валютаны енгізуге қатысушы Білімтай Түменбаев.

 

Related Posts

Жетісу облысы

Мобильді ақша аударымдарының қандай санаттары тексеру критерийлеріне жатады?

Көпшілікті мазалаған сұраққа жауап беру үшін Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері егжей-тегжейлі түсініктеме берді. «Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңының нормаларына сәйкес әр түрлі
Жетісу облысы

 Жетісу облысында 8 қаржы пирамидасы анықталды

Жыл басынан бері Жетісу облысында 1200-ге жуық заңсыз контент анықталды. Оның ішінде 8 қаржы пирамидасы бар. Қазіргі уақытта олардың барлығы бұғатталған. Бұл  туралы  Өңірлік  коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Жетісу облысы
Жетісу облысы

ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ САРБАЗДАРЫ ТАҢДАУ ЖАСАДЫ

Ел тағдырына қатысты маңызды оқиғадан Ұлттық ұлан әскери қызметшілері де қалыс қалмай, өз дауыстарын берді. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері ел тағдырын шешетін бұл науқаннан тыс қалмады. Құқықтық тәртіп әскерінің жеке
Жетісу облысы

Текелі қаласындағы «Абзал ана отауы» халықтық әжелер ансамблінің мүшелері бүгінгі республикалық референдумда қаладағы дауыс беру учаскелеріне барып, шашу шашып, ән салып, ізгі тілектерін арнады. Ақ әжелердің бір тобы №447 дауыс