Жаңалық

Алматы облысында Полиция қызметкерлері күні аталып өтті

Қазақстан полициясы күні қарсаңында Алматы облысында тәртіп сақшыларының ерен еңбегі ескеріліп, ерекше құрмет көрсетілді. Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде салтанатты шара өтіп, ел тыныштығын күзеткен қызметкерлердің ерлігі дәріптелді. Мерекелік жиынға ішкі істер органдарының өкілдері, сала ардагерлері, жас қызметкерлердің ата-аналары, «Жас сақшы» әскери-патриоттық сыныбының тәрбиеленушілері қатысты, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Шара барысында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев полиция қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Бүгінде «Заң мен тәртіп» қағидаты еліміздің стратегиялық даму бағытының негізгі басымдықтарының біріне айналды. Әділетті Қазақстанды құру жолында заңның үстемдігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың құқығын қорғау – баршамызға ортақ міндет. Бұл ретте қоғам мен құқықтық жүйенің жаңаруына заңнамалық негіз болған жалпыхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституцияның орны ерекше. Жаңарған Ата Заңымыз азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғаудың тетіктерін түбегейлі күшейтіп, әрбір адамның мемлекет алдындағы қауіпсіздік кепілін нығайтатын болады.

Полиция қызметі – үлкен жауапкершілікті, жоғары кәсібилікті, батылдық пен адалдықты талап ететін абыройлы мамандық. Тәулікпен санаспай, қандай жағдай болмасын ел тыныштығын күзетіп, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында қызмет атқарып жүрген сіздердің еңбектеріңіз қашанда құрметке лайық. Алматы облысының полиция қызметкерлері де осы жауапты міндетті абыроймен атқарып келеді. Қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, тұрғындардың полицияға деген сенімін арттыру жолындағы еңбектеріңіз өңірдің тұрақты дамуына және халықтың әл-ауқатының артуына зор үлес қосуда. Қандай күрделі жағдайда болмасын, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін бәрінен биік қоятын полиция қызметкерлерінің жанқиярлығы – өскелең ұрпақ үшін үлгі», – деді аймақ басшысы. Сондай-ақ полиция қызметінің материалдық-техникалық әлеуетін нығайтуға, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және заманауи талаптарға сай жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасау әрдайым басты назарда болатынын жеткізді.
Облыс әкімінің айтуынша, қоғамдық қауіпсіздік инфрақұрылымын нығайту мақсатында жергілікті бюджет есебінен 52 мың бейнебақылау камерасы, 325 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені, 18 модульдік полиция бекеттері орнатылған. Жыл басынан қылмыстың алдын алуға бағытталған 400-ден астам профилактикалық іс-шара ұйымдастырылған. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында ай сайын республикалық жедел-профилактикалық шаралар өткізілуде.

Мерекелік шарада Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев те құттықтау сөз сөйлеп, қызметкерлерге адал еңбегі, кәсібилігі мен Антқа беріктігі үшін алғыс айтты.

Салтанатты жиында үздік қызметкерлер облыс әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ бірқатар полицейге ҚР Ішкі істер министрлігі мен Алматы облысы Полиция департаментінің ведомстволық наградалары табысталып, арнайы атақтар берілді.

Абыройлы міндетін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің жарқын есімін ұлықтауға ерекше назар аударылды. Мәдениет үйінің фойесінде құқық қорғау саласының батырларына арналған фотокөрме ұйымдастырылды.

Мерекелік шара эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен қорытындыланды. Осылайша, елдегі тұрақтылық пен тәртіптің орнауына ғұмырын арнаған полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті.

Related Posts

Жаңалық

 Алматы облысының цифлық көшірмесі толықтырылуда

  “Алматы облысының цифрлық көшірмесінің” негізгі мақсаты - бұқара мен билік арасындағы ашықтық болып табылады. Қазіргі таңда аталмыш жоба барлық саланы қамтып, толық жетілдірілуде.Бұл туралы баспасөз мәслихатында айтылды. Цифрлық көшірмеде
Жаңалық

Алматы облысында туризмді дамытуға 58 млрд теңге инвестиция тартылады

Мерекелік демалыс күндері Алматы облысының әкімдігі мен бір топ инвесторлар арасында Ой-Қарағай шипажайын дамыту жобасына қажетті жағдайлар жасау және қолдау көрсету туралы Меморандумға қол қою ресми рәсімі өтті. Қол жеткізілген
Жаңалық

«Алматы облысының цифрлық көшірмесі» жобасы қарқынды дамуда

  Жоба аясында аясында бүгінде өңірдегі 370-тен аса елді мекеннің 283-ін 4G стандартындағы интернетпен қамтылған. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Цифрлық технологиялар басқармасының телекоммуникациялар бөлімінің бас маманы Тұран Талғатұлы мәлімдеді. Бұдан
Жаңалық

Жетісу облысында қызылша бойынша жағдай тұрақталып келеді

Өңірде қосымша жаппай иммундау жұмыстары 27 қарашадан бастап жүргізіліп жатыр. Жоспарланған 52 900 адамның 49 608 егілді, қамту 93,8% жетті. Бүгінде қызылша бойынша жағдай тұрақты бақылауда, эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр.