Қоғам

Жетісу облысы волонтерлік қозғалысының кеңесі құрылды

Биылғы жылдың тамызынан бастау алған «Мейірімді Жетісу» фронт офис әлеуметтік жобасы 4 ай уақыт аралығынан кейін өз мәресіне жетті. Бұл туралы Облыстық волонтерлік фронт офисінің жетекшісі Жансерік Байденов хабарлады.

Өңірдегі көптеген игі істердің иесі ол — еріктілер. Сол себепті Жетісу облысы волонтерлік қозғалысының кеңесі құрылды. волонтерлік ұйымдарының  туралы  және  өңірлік  4836  волонтерлік  дерек  қоры   құрылды.

««Мейірімді Жетісу»  фронт офисі негізінде өңірлік волонтерлік ұйымдарға консультациялық,  және әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастырдық. Мұқтаж адамдарға қолдау көрсету бойынша сенім телефонын және әлеуметтік парақшалар арқылы кеңес беру орталығын құрдық. Волонтерліктің 8 бағыты бойынша 300 000 теңге сыйақысымен  әлеуметтік шағын гранттар байқауын өткіздік», — дейді спикер.

Әлеуметтік грант бағыттары жайлы нақтырақ айтсақ:

  • «Birgemiz: umit» яғни жоғалған адамдарды іздестіруге, халық пен аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталады.
  • «Birgemiz: bilim» — ерікті жандарды тарту арқылы халықтың әртүрлі топтарының, оның ішінде ауылдық жерлерде цифрлық, қаржылық, тілдік, компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыруға арналған.
  • «Birgemiz: ayala» — өңір тұрғындарын жануарларға деген жауапкершілікті көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.
  • «Birgemiz: asul mura» бағытының мақсаты — мәдени-тарихи мұраны сақтау және дамыту, ескерткіштер мен мемориалдық кешендерді қалпына келтіру сынды жобаларды жүзеге асырады.
  • «Birgemiz: qamqor» — қарттар үйі және әлеуметтік жағдайы төмен қарияларға қызмет көрсетумен айналысады.
  • «Birgemiz: saylyq» — денсаулық сақтау саласында онко-деспансерлік науқастарға қолдау көрсетіп, медициналық сауаттылықты арттыруға арналған.
  • «Birgemiz sabaqtastyq» — балалар үйіндегі жасөспірімдерге, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында өмірлік қиын жағдайға тап болған жастарға, еріктілерге тәлімгерлік ету тәжірибесін енгізеді.
  • «Birgemiz: taza Alem» — экология, қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазарту, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптауға үйрету сынды жұмыстармен айналысып табиғат ананы аялауға ат салысады.

Сонымен қатар Жансерік Байденов Жетісу облысы «Үздік волонтер 2023» сыйлығын ұйымдастырып, 10 номинация бойынша байқауға қатысушылардың жетістіктеріне қарай сен тұр мен атайындарын марапаттадық дейді баяндамасында.

Related Posts

Қоғам

«Алтын Қаратал» ЖШС ұйымшыл ұжымы дауыс берді

Қаратал ауданындағы асыл тұқымды ірі қара мал басын көбейтумен айналысатын ұжымның бірі - «Алтын Қаратал» ЖШС. Ұжым қызметкерлері №166 дауыс беру учаскесіне ауызбіршілік танытып өздерінің саяси белсенділіктерін танытып, демалысқа қарамастан
Жетісу облысы

Жетісу облысында кене шағуының 470 жағдайы тіркелді

Жыл басынан бері Жетісу облысында 470 кене шағу тіркелді. Оның ішінде 230 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында орын алды. Кене энцефалитінің эндемиялық аймағына Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан аудандары
Жетісу облысы

Жетісу облысы: Биыл өнеркәсіп өнімінің көлемін 343,6 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда

Облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Бақытнұр Бақытұлының мәліметінше, өткен жылы 4,4% өсіммен 320,6 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілген. Сондай-ақ, облыстың өнеркәсіптік өндірісіне 540 өнеркәсіптік кәсіпорын тартылғанын атап өткен
Қоғам

Бұл қаржылық пирамида ма, жоқ па?

Жыл жылжыған сайын қаржылық пирамидалар да көбейіп, халық қалтасын қағып келеді. Тек бір мысал ретінде, биылғы жылы Q-net компанисынан Жетісу өңірінің тұрғыны 3,8 миллион теңге шығынға батқан. Осындай алаяқтықтың кезекті