ҚоғамҚұқық

1 желтоқсаннан бастап көлік иелеріне айыппұл салынады

Темір тұлпар тағасын қысқа дайындамаған жүргізушілер 5 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Бұл көрсеткіш биылғы жылдың соңына дейін сақталып, 2024 жылдың алғашқы күнінде салық саны артады. Осы жайында Жетісу облысы ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Диас Айнақұлов баяндады.
Спикердің айтуынша, желтоқсан айында жазғы дөңгелекпен жүрген көлік иелері 17 250 теңге айыппұл төлесе, қаражат саны жаңа жылдан бастап 18 460 теңгеге ұлғаймақ.
«Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын кешенді зерттеу аясында полиция департаменті әкімдікпен бірлесіп, жол және коммуналдық шаруашылық ұйымдарының қысқы кезеңде көлік жолдарын күтіп ұстау дайындығына комиссиялық тексеру жүргізілуде. Тексеру кезінде арнайы жол техникасының жай-күйіне және инертті (тайғаққа қарсы) материалдың болуына баса назар аударылады», — деді спикер.
Өткен қыс мезгіліндегі деректерге сүйенсек, облыста жазғы дөңгелекпен жүру бойынша 500-ден астам құқық бұзушылық тіркелген. Оның 30-ы жол-көлік оқиғасына әкеп соқты.
«Қазіргі уақытта қысқы жолдарды күтіп ұстауға 436 техника, 17669 тонна құм және 1505 тонна тұз бөлінген. Облыстық полиция департаменті қыс мезгілінің басталуына байланысты жолдарда аса сақ болуға әрі белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауға шақырады. Жол мен метрологиялық жағдайларды ескере отырып, қауіпсіз арақашықтық пен жанама аралықты сақтауды ұсынады. Алыс сапарға шықпас бұрын көлігіңіздің техникалық жағдайына және жазғы дөңгелектердің қысқыға ауысуына баса назар аударуыңыз қажет», — деп түйіндеді сөзін Диас Айнақұлов.

Related Posts

Қоғам

Елтаңбамыздың жаңа көзқарасқа ие болуы қажет — депутат

Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың еліміз үшін орны ерек. Ұлттық құрылтай – азаматтардың ұсыныс-пікірлерін айтатын ашық алаңға айналып келеді. Президент күн тәртібінде белең алып отырған бірқатар келелі мәселелерді шешудің оң бағыттарын
Жетісу облысы

ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ БЕЛСЕНДІ ДАУЫС БЕРУДЕ

Бескөл ауылдық округі, Бұлақты ауылындағы №59 дауыс беру учаскесінде Удмурт елінің өкілі Ирина Дряхлова ел болашағы үшін дауыс берді. Ирина Дряхлова референдум болашағымыз үшін маңызды екенін жеткізді. – Референдумда халықтың
Жетісу облысы

Жетісуда көкжөтел инфекциясы тіркелді

Облыста алғашқы нақтамамен көкжөтел инфекциясының 5 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 1 жағдай клиникалық жолмен расталды. Расталған жағдай 1 жасқа дейінгі ұйымдастырылмаған топқа жатады. Яғни, бала аталған дертке қарсы вакцинасын алмаған.
Қоғам

Алматы облысында «Қарызсыз қоғам» жобасы қайта бастау алмақ

Сіздерді «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылық бойынша оқуға шақыруға қуаныштымыз. Жобаны Қазақстан Республикасының Үкіметі «AMANAT» партиясымен бірлесіп іске асыруда. Өткен жылы еліміздің сегіз өңірінде 65 000 адам оқудан өтті.