ҚоғамМедицина

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ТҰМАУ МЕН ЖРВИ ӨРШІП ТҰР: 37 мыңнан астам жағдайы тіркелді

Жетісу облысында 2023-2024 жылдардағы эпидемиологиялық маусымның 40-48 аптасында жіті респираторлық вирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың 37 361 жағдайға дейін ұлғаюы байқалды. Бұл алдыңғы эпидемиологиялық кезеңмен салыстырғанда 2,5 есе артық. Науқастардың 70%-ы 14 жасқа дейінгі балалар.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында спикерлер эпидемиологиялық жағдай туралы толығырақ айтып берді. Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Біржан Оспанов және облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының инфекционист дәрігері Гүлнар Жүсіпбекова аурудан қалай сақтану керектігі туралы ой бөлісті.
«Тұмау жұқпасының зертханалық расталған 15 жағдайы тіркелді. Облыс бойынша тұрғындарды иммундау жұмыстары аяқталды. Жергілікті бюджет есебінен облыс халқының 12%-ын қамтып, 80 мыңға жуық адам вакцинацияланды. Сондай-ақ, жұмыс берушілердің есебінен 325 адам егілді», — деді Асхат Чарапиев.
Жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері Біржан Оспановтың айтуынша, қазір жіті респираторлық вирустық инфекцияның 3 аптасы өтіп жатыр. 2022 жылмен салыстырғанда қазір науқастар саны бір жарым есе көп. Қоғамдық орындардан аулақ болу, қолды үнемі жуу және қорғаныс маскасын кию ЖРВИ инфекциясының жиілігін азайтуға көмектеседі. Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар ауруханасында 185 бала жатыр. Науқастардың 85%-ы 5 жасқа дейінгі балалар.

Related Posts

Медицина

Нитраттар туралы не білуіңіз керек?

Жазда біздің мәзірімізде көкөністер мен жемістер көбірек болады және бұл жақсы нәрсе. Алайда, көкөністер мен жемістер кейде жасырын қауіп төндіруі мүмкін. Осы орайда нитраттардың көкөністер мен жемістерде жинақталу мәселесі өзекті.
Жетісу облысы

Жетісуда Наурыз мейрамы ерекше аталып өтеді

Биыл Наурыз мейрамын тойлау ерекше форматта өтеді. 14-23 наурыз аралығында еліміздің және облыстың барлық өңірлерінде Наурызнама өткізілмек. Бағдарлама әр күнге жоспарланған. Осындай ақпаратпен Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде Жетісу облысы әкімінің
Медицина

Сақ болыңыз, көкжөтел!

Көкжөтел – ауа-тамшылы жұғу жолымен немесе қатынас арқылы берілетін инфекциялық ауру. Көкжөтел спазмды жөтел ұстамаларымен байқалады және жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының қабынуымен қоса жүреді. Жұқтыру сәтінен бастап алғашқы
Қоғам

Жетісу облысында ұрпақтар сабақтастығы жайлы жоба іске асты

Өңірімізде «Әжелер ертегісі» онлайн-клубы жұмыс істейді. Үйден шыға алмайтын ерекше балаларға арнап ватсап желісі арқылы аптасына кемінде екі рет 10 адамға арналған аудио ертегі тыңдатылады. Аталған шара «Азаматтық бастамаларды қолдау