Қоғам

«Өз бизнесіңді баста»! Бұрын сотты болған жандар үшін жаңа мүмкіндіктер

Биылғы жылдың шілде айында Талдықорған өңірлік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры «Түрмеден босатылғандармен жұмыс орталығын ұйымдастыру» жобасын іске қосты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Талдықорған өңірлік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының директоры Светлана Сәдуақасова, Талдықорған қалалық пробация қызметі бөлімі бастығының орынбасары, әділет майоры Зира Ерланқызы және жоба қатысушысы Балжан Сыздықбаева айтты.

Әділет майоры Зира Ерланқызының айтуынша, Жетісу облысында 800 адам пробация қызметінің есебінде тіркеуде тұр. Оның 310-ы Талдықорған тұрғындары.

«Байқау комиссиясының құрамына Талдықорған қалалық пробация бөлімінің, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар және Жетісу өңірінің Азаматтық альянсы өкілдері еніп, жеңімпаздарды анықтады. Нәтижесінде: «Келінге арналған қанжыға» бизнес жобасымен Назгүл Жапарова, «Орта – Био-орындық-төсек» жобасымен  Ілияс Қайролданов және Естай Садуақасов «ТҚС сүйек орнату жұмыстары» бизнес-идеясымен, Виталий Вострецов «Жұмсақ жиһазды қалпына келтіру», «Маникюр, педикюр, кірпік ұзарту» және шугаринг қызметтерін көрсету» саласын Балжан Сыздықбаева ұсынып жеңімпаздар қатарынан көрінді, — деді Светлана Сәдуақасова.

2023 жылы 15 үміткер өз жобаларын ұсынып, әрқайсысы 500 мың теңгелік грантқа алты адам ие болды. Жетісу аудандық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Өз кәсібіңді баста» курсын 22 тыңдаушы аяқтап, бизнес-жоспарларымен таныстырып өз ісін ашуға мүмкіндік алды.

Related Posts

Жетісу облысы

Декларация тапсырмаған азаматтар айыппұл төлейді

Облыс орталығында жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі жүріп жатыр. Оған  жыл басынан бері мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары қатысуда. Басты  мақсат  –  әділ салық салуды қамтамасыз ету, жеке тұлғалардың кірісін
Қоғам

Алматы облысында екі пилоттық аудан әкімінің сайлауы басталды

Бүгін, 2023 жылдың 5 қарашасы, еліміздің 17 аймағында 45 пилоттық аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы бастау алды. Ал, Алматы облысы бойынша пилоттық негізде Жамбыл мен Балқаш аудандары
Қоғам

«Қолдан келгенше көмек беруге тырысамыз»: Талғар аудандық мәслихат депутаты есеп берді

«AMANAT» партиясы Талғар аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Серік Думчибаев БАҚ өкілдеріне депутаттық мандатын алған кезеңнен бастап атқарған жұмыстары жөнінде брифинг өткізді. Өз кезегінде халық қалаулысы брифингтің негізгі мақсатына
Жетісу облысы

Бақша дақылдарын қалай таңдаймыз?

Жазда біздің мәзірімізде көкөністер мен жемістер көбірек болады және бұл жақсы нәрсе. Алайда, көкөністер мен жемістер кейде жасырын қауіп төндіруі мүмкін. Осы орайда нитраттардың көкөністер мен жемістерде жинақталу мәселесі өзекті.