Жаңалық

Жетісу облысында 214 адам қызылшаға қарсы екпе алудан бас тартқан

Жетісу облысында сырқаттанушылық республикалық көрсеткіштен төмен болғанымен, апта сайын қызылшамен ауырған науқастар саны артып келеді. Жыл басынан алғашқы нақтамамен 635 жағдай тіркеліп, оның 454-і расталған. Расталған жағдайлардың дені 5 жасқа дейінгі балалар. Айта кетерлігі сырқаттанғандардың 81,7% бұрын қызылшаға қарсы екпе алмаған.

«Облыста қызылша сырқаттанушылығын тұрақтандыру мақсатында бірқатар шаралар атқарылып жатыр. Жоспарлы түрде 1 және 6 жастағы балалар қызылшаға қарсы екпе алып, жұқпа ошақтарында қызылшаға қарсы екпелері жоқ немесе иммундық статусы белгісіз 30 жасқа дейінгі қарым-қатынаста болған адамдар егумен қамтылып отыр. 18 жасқа дейінгі қызылшаға қарсы егілмеген немесе иммундық мәртебесі анықталмағандарға екпе жұмыстары жүргізіліп жатыр», — дейді Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Кунбасова.

Өңірде қосымша жаппай иммундау бойынша бүгінде 21 275 адам қызылшаға қарсы екпе алған, яғни 40,2%. Оның ішінде 6-10 айдағы сәби – 2 587, 2-4 жастағы бала – 14 717, медициналық қызметкер – 3 156, 18 жасқа дейінгі тұрғын – 315.

«Қызылшаның алдын алудың жалғыз жолы – вакцинация. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін иммунизациялауға тиісті тұрғындардың 95 пайызы екпемен қамтылуы керек. Ұжымдық иммунитеттің жойылуы инфекциялық ауру ошағының өршуіне әкеледі. Сондықтан сәбилеріңіздің дені сау, жұқпалы аурулардан қорғалған болып өсуі үшін сапалы ас-ауқатпен тамақтандыру, дене жаттығуларына жеткілікті көңіл бөлумен қатар, уақтылы өз емханаңызда тексеріліп, дәрігер ұсынған екпелерді алып отырғаныңыз дұрыс», деп атап өтті Индира Саветқалиқызы.

Қызылша облыстың барлық аумақтарында тіркеліп отыр. Сырқаттанушылық деңгейі Талдықорған қаласы мен Алакөл ауданында жоғары. Облыста вакцинациядан 214 адам бас тартқан.

Related Posts

Жаңалық

Жетісу облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Жетісу облысында тамыз 1536 жағдай тіркеліп, оның 1176 расталды. Қосымша жаппай иммундаумен облыста 51 552 адам қамтылды, оның ішінде 6-10 айлық сәби – 5732, 2-4 жастағы бала – 32 541, медициналық
Жаңалық

Алматы облысында 100-ден аса ойын терминалдары жойылды

Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тұрғындарды құмар ойын бизнесімен күреске шақырады, деп хабарлайды Алматы облысы Өңірілік коммуникациялар қызметі. Спикердің айтуынша, Қазақстан Республикасында заңнамасына сәйкес ойын бизнесі объектілері Алматы облысының Қапшағай су қоймасының
Жаңалық

Бақыт Нарбутаев Қарасай аудандық мәслихат депутаты болып сайланды

2024 жылғы 31 наурызда №6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Қарасай аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына сайлауы өтті. Сайлаушылар тізіміне 7174 азамат енгізілді. Дауыс беруге -2756 сайлаушы, оның
Жаңалық

Саңырауқұлақтардан уланудың алдын алу

Жаңбырлы маусымның басталуымен көптеген адамдар саңырауқұлақтарды жинауды ұнатады. Бұл өте сақтықпен қолдануды қажет ететін өнім. Бұл мәселеде адам неғұрлым көп хабардар болса, біз жақсы көретін табиғи өнімді тұтынудың жағымсыз салдарын