ҚоғамЭкономика

Жетісу облысының электр желілері жаңартылмақ

Жетісу облысында 13,7 мың шақырым электр желілері мен 2,6 мың қосалқы станция бар. Десе де өңірдегі жарық көзімен жабдықтау  объектілерінің  тозуы  80%-дан асады. Әсіресе «ТАТЭК» АҚ-да – 87,2% жоғары көрсеткішті көрсетіп тұр. Сондықтан апатты жағдайларды болдырмау үшін 130 мыңнан астам тұрғынның электр жарығын жақсартуға мүмкіндік беретін 47,8 шақырым желі мен 3 қосалқы станция жақын арада жаңғыртылмақ. Жобаны іске асыру мақсатында жоспар бойынша 11,7 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Арман Сағымбеков пен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдос Бекетаев айтты.

Облыста  жылу  желілерінің жалпы ұзындығы 390 шақырымға жететін 10 табиғи жылумен жабдықтау монополия субъектісі бар. Тарифтерді өзгертуге 113 өтінім түсті, бірақ оның 68-і жобалардағы кемшіліктерге байланысты қабылданбады. Арасындағы 13 инвестициялық бағдарлама бекітілді.

«Тарифті  инвестицияға айырбастау» бағдарламасы бойынша 11 өтінім қаралды. Оның ішінде 3 базалық субъектісі бар: «Жетісу Су құбыры» МКҚК, «ТАТЭК» АҚ, «Талдықорғантеплосервис» КМК. «Талдықорған теплосервис» КМК 96,8 млн теңгеге бекітілген қосымша инвестициялық бағдарламасы инженерлік желілердің тозуын азайтады. «ТАТЭК» АҚ бойынша электр энергиясын тасымалдаудың орташа тарифі 1,62 теңгеге көтеріліп, 1 кВт/сағ үшін 8,76 теңгеге жетті. Бұл жалақыны 50 пайызға, 94-тен 148 мың теңгеге дейін көтеруге мүмкіндік береді. 180 млн теңге жететін қосымша инвестициялық бағдарлама активтерді жаңғырту  мен  қайта құруға, желілердің тозуын және төтенше жағдайларды азайтуға бағытталған», — деді Арман Сағымбеков.

Қабылданған шешімдер 2023 жылдың 11 айында 23 қоғамдық тыңдау өткізу арқылы жарияланды. Нәтижесінде 2 табиғи монополия субъектісіне қатысты әкімшілік істер қозғалып, 3 312 000 теңге айыппұл салынды.

«Жыл соңына дейін 47,8 шақырым электр желісі мен 3 қосалқы станция жаңғыртылады. Нәтижесінде облыстың 130 мыңнан астам тұрғыны сапалы электр қуатын алатын болады. Жалпы, 2023-2029 жылдар аралығында инвестицияның жалпы көлемі 11,7 млрд. теңге.  Нәтижесінде 7 жыл ішінде желілер мен жабдықтардың 12%-ы жаңартылып, тозу деңгейі 15%-ға төмендейді. Сондай-ақ, бюджет есебінен 232,5 шақырым желі мен 2 трансформаторлық қосалқы станцияның құрылысы және қайта жаңарту жоспарлануда», — деп қоса айтты Айдос Бекетаев.

 

Related Posts

Жетісу облысы

Өткен жылы Жетісу облысында 57 еңбек құқығын бұзушылық анықталды

Жетісу  облысының  азаматтарының  шағымдары бойынша  өткен  жылы  облыстық Еңбек инспекциясы бойынша басқармасы 60 тексеру жүргізді. Нәтижесінде 57 бұзушылық анықталды. Белгілі болғандай, негізінен еңбек бұзылыстары  білім  беру,  денсаулық сақтау  және құрылыс
Қоғам

Жетісу облысының мемлекеттік архив филиалдары құжат сақтайтын ғимаратты қажет етеді

Жетісу облысының мемлекеттік архивінің құрамына 10 филиал кіреді. Яғни: Ақсу, Сарқан, Алакөл, Қаратал, Кербұлақ, Текелі, Көксу, Ескелді, Панфилов  және жеке құрам бойынша Талдықорған бөлімі. Аталған ғимарат мамандары жұмысын тыңғылықты атқарып
Жетісу облысы

Жетісу облысында шетелдік көліктерді заңдастырудың нәтижесі шықты

Облыста көліктерді заңдастыру жұмыстары бір жыл бұрын басталған. Осы уақыт ішінде E-gov электронды порталы арқылы шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыруға көлік иелерінен 3534 өтініш келіп түскен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің
Жетісу облысы

TEMIRADAM атанған Бақытжан Бектенов өз таңдауын жасады

Бақытжан Байтайұлының Бектенов Қазақстанның TEMIRADAM атағының иегері Қарабұлақ ауылындағы №119 дауыс беру учаскесіне келіп өз тандауын жасады. «Бүгін мемлекетіміз үлкен қадам жасар алдында тұр. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өзімінің