Қоғам

Түнде амбулатория жұмыс істемейді: Балқаш ауданында дәрігер тапшы

Бұл туралы өңірге жұмыс сапарымен келген мәжілісмендердің Балқаш ауданы халқымен кездесуінде мәлім болды.

Ақдала ауылында бүгінде бір ауысымда 30 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүріп жатыр. Былтыр басталған медициналық мекеменің құрылысы биыл пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Мердігер компания өкілінің айтуынша, ФАП-ты заманауи жабдықтармен жабдықталмақ. Бірнеше мамандандырылған көмек кабинеттері болады. Десе де ауданда дәрігер тапшы. Себебі жас мамандардың мұнда келуі қиын.

Дәл осындай мәселе Бақбақты ауылында да өзекті. Тұрғындар жергілікті амбулатория түнде жұмысын тоқтатқанын айтып шағымданды. Себебі, дәрігерлер мамандардың жетіспеушілігіне байланысты аудандық ауруханада кезекшілік етіп, артық жүктемемен жұмыс істейді. Осы орайда депутат Мақсат Толықбай өз ұсынысын білдірді.

«Ауылда жұмыс істейтін жас дәрігерлерге 10 миллион теңге көлемінде көтерме жәрдемақы беру – біздің уәделеріміздің бірі. Бұл AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасында жазылған. Бастама барлық өңірде қолдау тапты. Бұл медицина мамандарының тапшылығы мәселесін түбегейлі шешуге мүмкіндік береді. Осы уәдені тезірек іске асыруы үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Бұл шаралар ауылға маман шақыртуға түрткі болмақ», – дейді депутат.

Айта кету керек, қазіргі уақытта еліміздегі ауылдарға 1 мыңнан аса дәрігер жетіспейді.

Related Posts

Қоғам

Жетісу облысында «Visit Zhetysu — 2023»  форумы өтті

Жетісу облысының туризмін насихаттаушысы Visit Zhetysu орталығы ұйымдастыруымен туризмді дамытып,  туризм саласында еңбек етіп жүрген ұйымдар арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Visit Zhetysu - 2023»  форумы өтті. Аталған шара БАҚ өкілдерімен
Жетісу облысы

Елімізде жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

Биыл мамыр айынан бастап елімізде тағы бір жаңа тұрғын үй бағдарламасы  іске  қосылды.  Бұл  жайлы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайында жариялады. Бағдарламаның  жүзеге  асырушы - «Отбасы
Жетісу облысы

Лепсі ауылының әрбір бесінші отбасы омарташы

Алакөл ауданының әкімшілігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан пресс-турдың алғашқы нысаны Лепсі ауылындағы бал өндіретін «Лепсі өнімдері» ЖШС болды. Экологиялық таза бал өндіретін кәсіпорын қазіргі уақытта жылына 300 тоннаға дейін бал өнімін
Қоғам

«Алтын Қаратал» ЖШС ұйымшыл ұжымы дауыс берді

Қаратал ауданындағы асыл тұқымды ірі қара мал басын көбейтумен айналысатын ұжымның бірі - «Алтын Қаратал» ЖШС. Ұжым қызметкерлері №166 дауыс беру учаскесіне ауызбіршілік танытып өздерінің саяси белсенділіктерін танытып, демалысқа қарамастан