Қоғам

Қаскелеңде қаңғыған иттер тұрғындарды мезі етуде

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» фракциясының мүшелері Жанарбек Әшімжанов, Мақсат Толықбай, Максим Рожин AMANAT партиясының Қарасай аудандық филиалында қоғамдық қабылдау жүргізді.

Қаскелең тұрғындары соңғы уақытта көшеде еркін жүріп-тұрудан қалған. Халық қалаулыларының алдына көмек сұрай келген зейнеткер Сапар Иманғалиевтің айтуынша, көшеде адамнан гөрі қаңғыған ит көп.

«Көшенің бойы тола қаңғыған иттер. Кішкентай балаларға зияны тиіп кете ме деп қорқамын. Базар маңында 15-тен аса итті санап шықтым. Оларға бір шара қолданса екен деймін. Жоғары жаққа жеткізіп, осы мәселе шешімін тапса», – дейді зейнеткер.

Мәжілісмендердің айтуынша, еліміздің аймақтарынан бұралқы иттер туралы шағым үнемі түсіп тұрады. Қазіргі уақытта мәселе рес­публика көлемінде көтеріліп, мәжілісте қаралуда.

Ал Іргелі ауылдық округінің тұрғыны Нұржан Жұмағали Кемертоған ауылының өзекті мәселелерін атап өтті.

«Ауылда жол сапасы сын көтермейді. Небәрі 4,7 шақырым жолдың ой-шұңқыры көп. Жел сәлкүш алса, жарық өшіп қалатын «дәстүр» пайда болды. Онымен қоса электр энергиясының бағасы бір киловатт үшін 35 теңгеге дейін жетеді. Бұл өте қымбат. Ал 5 мыңнан аса бала оқитын ауыл мектебінің толып кету мәселесі тағы да толғандырады», – дейді тұрғын.

Мәжіліс депутаттары жағдаймен жіті танысып, аталған мәселелердің оң шешілуіне күш салатындарын жеткізді.

Айта кету керек, өткен жылы Қарасай ауданында 6 мектеп ашылды. Ал Кемертоған ауылында үшауысымды мектептің мәселесін шешу үшін 2027 жылға дейін партияның сайлауалды бағдарламасы аясында 1500 орындықты 2 мектеп салу жоспарланып отыр.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысы: Биыл өнеркәсіп өнімінің көлемін 343,6 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда

Облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Бақытнұр Бақытұлының мәліметінше, өткен жылы 4,4% өсіммен 320,6 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілген. Сондай-ақ, облыстың өнеркәсіптік өндірісіне 540 өнеркәсіптік кәсіпорын тартылғанын атап өткен
Жетісу облысы

Талдықорған тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету күн тәртібінде

Талдықорған қаласында бүгінгі күнге 5895 адам жұмыссыз ретінде тіркеліп тұр. Жыл басынан бері тұрақты жұмыс орнына 645 адам орналасты. Ал өткен жылдың қорытындысы бойынша 3679 адам жұмыспен қамтылған. Осындай ақпаратпен
Жетісу облысы

ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ДАУЫС БЕРДІ

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл елімізде АЭС салу бойынша республикалық референдум да өз таңдауын жасап, дауыс берді. «Бүгін еліміз үшін аса маңызды саяси оқиға. Елімізде АЭС салу бойынша жалпы халықтық референдум
Қоғам

Талдықорғанда құны 1 миллиард теңгеден асатын конкурстың күші жойылды

Талдықорған прокуратурасы құны 1 миллиард теңгеден асатын 6 мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойған. "Тапсырыс берушілер конкурстық құжаттамада біліктілік талаптарын негізсіз жоғарылатып, сол арқылы әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *