Жетісу облысыҚоғам

Мобильді ақша аударымдарының қандай санаттары тексеру критерийлеріне жатады?

Көпшілікті мазалаған сұраққа жауап беру үшін Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері егжей-тегжейлі түсініктеме берді.

«Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңының нормаларына сәйкес әр түрлі төлем әдістері – банк картасымен, QR төлемімен немесе қолма-қол ақшамен қарастырылған. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз болып табылады және тұтынушылардың құқықтарын бұзады. Кәсіпкерлердің банк карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін бірінші рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту, ал қайталап бұзғаны үшін 147 680 теңге көлемінде айыппұл салынады. Үш ай қатарынан ай сайын 100 және одан да көп әр түрлі тұлғалардан жеке шоттарына мобильді ақша аударымдарын алған тұлғалар бақылауға алынады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл кәсіпкерлік белсенділіктің белгісі», — дейді Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің №1 камералдық мониторинг бөлімінің басшысы Ринат Жамаубаев.
Яғни, әртүрлі өмірлік жағдайларда туыстарына, достарына және әріптестеріне ақша аударуға ешқандай шектеулер жоқ. Және олар әлі міндетті декларациялауға жатпайды.
Мобильді аударымдарды әмбебап декларациялауға қатысты сұрақтарды «KGD General Declaration Mobile Transfers» телеграм каналына хабарласу арқылы жылдам шешуге болады. Сонымен қатар, әрбір мемлекеттік кірістер басқармасы өзінің кеңес беру орталықтары арқылы ақпараттық қолдау көрсетеді.

Related Posts

Жетісу облысы

Текелі қаласында 15 апатты үй тіркелген

Текелі қаласының әкімі Алмас Әділдің айтуынша, бұл мәселе кезең-кезеңімен шешілуде. Биыл Текелі қаласында 470 млн.теңгеге 48 пәтер сатып алу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 11 пәтер сатып алынды. Биыл төтенше жағдайлардың алдын
Қоғам

Алматы облысында «Қарызсыз қоғам» жобасы қайта бастау алмақ

Сіздерді «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылық бойынша оқуға шақыруға қуаныштымыз. Жобаны Қазақстан Республикасының Үкіметі «AMANAT» партиясымен бірлесіп іске асыруда. Өткен жылы еліміздің сегіз өңірінде 65 000 адам оқудан өтті.
Қоғам

Қазақстанның ұлттық валютасына — 30 жыл

1993 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңге енгізілді. Биыл еліміз ұлттық валютаның 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осыған байланысты Өңірлік  коммуникациялар қызметі алаңына баспасөз конференциясына ұлттық валютаны
Қоғам

Жер аманаты: Алматы облысында 213,5 гектар жер телімі халыққа пайдалануға берілді

Бұл туралы «Жер аманаты» республикалық комиссиясының өңірдегі көшпелі отырысында айтылды. Алматы облысына жұмыс сапарымен келген партияның Атқарушы хатшысы, «Жер аманаты» комиссиясының төрағасы Дәулет Кәрібек, комиссия төрағасының орынбасары, Мәжіліс депутаты Бақытжан