Қоғам

Алматы облысында «Қарызсыз қоғам» жобасы қайта бастау алмақ

Сіздерді «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылық бойынша оқуға шақыруға қуаныштымыз. Жобаны Қазақстан Республикасының Үкіметі «AMANAT» партиясымен бірлесіп іске асыруда. Өткен жылы еліміздің сегіз өңірінде 65 000 адам оқудан өтті. Біз жоба қатысушыларының жоғары бағасын алдық!

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 8-29 қаңтар аралығында өтеді. Халықты оқыту 2024 жылдың 5 ақпанында басталады. Өтінімді тіркелген жері бойынша ауылдық әкімдікке немесе «AMANAT» партиясының кеңселеріне хабарласу арқылы беруге болады.

Оқыту бес күнге созылады. Осы уақытішіндеСізотбасылықбюджеттіжүргізуді, шығындарыңызды басқаруды, несиелік қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу бойынша ұсыныстар алуды, өзіңізге тиімді шарттармен несие таңдауды үйренуді, депозиттердің әртүрлі шарттарымен танысуды, ірі сатып алуларды жоспарлауды үйренуді және т. б. үйренесіз.

Сондай-ақ оқыту шеңберінде қаржы сарапшылары жеке консультациялар өткізетін болады, ал қатысушылардың қалауы бойынша өз бизнесін ашу үшін мемлекеттік гранттық және кредиттік бағдарламаларға бизнес-жоспар жазуға көмектеседі. Жоба аясында сіз білікті заң көмегін ала аласыз, егер Сіздің шоттарыңызға тыйым салынған болса, Сіздің қарызыңыз коллекторлық компанияға сатылған болса, Сізге несиелік қарызды қайта құрылымдау қажет және т. б.

Барлық құжаттарды емайлға жіберіңіздер: bekmurzaeva­­_akmaral@mail.ru

Оқыту толығымен тегін.

Related Posts

Қоғам

Жетісу облысы әкімінің «Көшбасшы – 2023» жастар сыйлығы

Жетісу өңірінде ең креативті, бастамашыл және дарынды жастар таңдалмақ. Облыс әкімінің жыл сайынғы «Көшбасшы-2023» сыйлығына іріктеу және ұсыну бойынша өтініштер қабылдау мерзімі  қараша айының 20-сынан басталды. Қатысу шарттары мен ережелерін
Жетісу облысы

Жетісуда жүгері алқаптарында күзгі жиын-терін жұмыстары жүргізілуде

Жетісу облысының Панфилов ауданы жүгері дақылының өлкесі, облыстағы жүгерінің шамамен 74% осы аймаққа тиесілі, мұнда 2 мыңнан астам фермер жүгері өсірумен айналысады. Биыл ауданда 170 мың тонна жүгері жинау жоспарланған.
Жетісу облысы

Жетісу облысында алимент төлей алмай жүрген әкелер жұмыспен қамтылды

2023 жылы әділет органдарына хабарласып, 4 мыңға жуық азамат тегін заң көмегін ала алды. Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен кездескен Жетісу облысы Әділет департаментінің басшысы Ержан Еркеновтің айтуынша,