Жаңалық

Былтыр елімізде ана мен баланы қорғауға МӘМС-тен қанша қаражат жұмсалды?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмекті қаржыландыру бойынша 2023 жылдың қорытындысын шығарды. Осыған бірнеше есеп арналады. Алғашқысы ана мен баланы қорғау саласындағы медициналық қызметтерге қатысты. Қор сарапшыларының есебінше, былтыр МӘМС қаражатынан жүкті әйелдер мен босанған әйелдерге медициналық көмек көрсетуге 169 млрд теңге бағытталған. Орташа есеппен алғанда бір әйелге 433 мың теңгеден келеді. Бұдан бөлек, ЭКҰ-ның 7 мың ем-шарасын жүзеге асыруға 8,1 млрд теңге бөлінді.

«2023 жылы жүкті әйелдерге дәрігерлердің бақылауымен байланысты 12,2 млн қызмет көрсетілді. Бұл зертханалық және диагностикалық зерттеулер, скринингтер және басқа да қажетті медициналық қызметтер. Осыны қаржыландыруға МӘМС бойынша жалпы 31,2 млрд теңге қарастырылды. Олардың төрттен бір бөлігі іштегі сәбидің ауруларын ерте диагностикалау үшін пренатальды скринингтік қызметтерге бағытталды», — дейді қор өкілдері.

Фертильді жастағы 35,4 мың әйелге темір тапшылығы анемиясын емдеуге арналған препараттар берілді. Осыған 57 млн теңге жұмсалды. Айта кетерлігі, МӘМС бойынша іштегі сәбидің туа біткен ақауларының алдын алу үшін дәрі-дәрмектерді қаржыландыруға 87 млн теңге қарастырылған.

100,4 млрд теңге акушерлік бейіндегі тәулік бойы және күндізгі стационарларда 636 мың әйелді емдеуге жұмсалды. Олардың жартысына жуығы босану қызметтерін көрсетті. Перинаталдық кезең аурулары бар              79 мың жаңа туған нәрестеге ем қажет болды. Осыған 37,4 млрд теңгеге МӘМС жүйесі есебінен қаржыландырылды.

Жүкті әйелдерге қандай медициналық көмек қажет екендігі туралы ҚР акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартынан оқуға болады. Жүкті әйелдердің патронажы туралы Педиатриялық қызметті ұйымдастыру стандартынан біле аласыздар.

МӘМС қоры КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында тұңғыш ішекті симфониялық оркестр құрылды

Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясына 6 ұйым қарайды. Биыл бұл қатарға ішекті симфониялық оркестр қосылды. Әзірге ұжымда 17 өнерпаз бар. Олар скрипка, виолончель, альт, кантробаст пен баян аспатарында ойнайды. Алдағы
Жаңалық

Қарасайлық дәрігерлер ауыр диагнозбен түскен науқасты құтқарды

Қарасай клиникалық көпбейінді орталық аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне 1953 жылғы әйел ауыр хәлде түскен. Дәрігерлер қажетті сараптамадан кейін 70 жастағы науқасқа В вирусты гепатиті дамып, бауыр циррозына әкелгенін анықтаған. Портальды
Жаңалық

Алматы облысында ЖРВИ мен тұмауға қарсы вакцинация басталды

  Өңірде ЖРВИ мен тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының