Жаңалық

Былтыр елімізде ана мен баланы қорғауға МӘМС-тен қанша қаражат жұмсалды?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмекті қаржыландыру бойынша 2023 жылдың қорытындысын шығарды. Осыған бірнеше есеп арналады. Алғашқысы ана мен баланы қорғау саласындағы медициналық қызметтерге қатысты. Қор сарапшыларының есебінше, былтыр МӘМС қаражатынан жүкті әйелдер мен босанған әйелдерге медициналық көмек көрсетуге 169 млрд теңге бағытталған. Орташа есеппен алғанда бір әйелге 433 мың теңгеден келеді. Бұдан бөлек, ЭКҰ-ның 7 мың ем-шарасын жүзеге асыруға 8,1 млрд теңге бөлінді.

«2023 жылы жүкті әйелдерге дәрігерлердің бақылауымен байланысты 12,2 млн қызмет көрсетілді. Бұл зертханалық және диагностикалық зерттеулер, скринингтер және басқа да қажетті медициналық қызметтер. Осыны қаржыландыруға МӘМС бойынша жалпы 31,2 млрд теңге қарастырылды. Олардың төрттен бір бөлігі іштегі сәбидің ауруларын ерте диагностикалау үшін пренатальды скринингтік қызметтерге бағытталды», — дейді қор өкілдері.

Фертильді жастағы 35,4 мың әйелге темір тапшылығы анемиясын емдеуге арналған препараттар берілді. Осыған 57 млн теңге жұмсалды. Айта кетерлігі, МӘМС бойынша іштегі сәбидің туа біткен ақауларының алдын алу үшін дәрі-дәрмектерді қаржыландыруға 87 млн теңге қарастырылған.

100,4 млрд теңге акушерлік бейіндегі тәулік бойы және күндізгі стационарларда 636 мың әйелді емдеуге жұмсалды. Олардың жартысына жуығы босану қызметтерін көрсетті. Перинаталдық кезең аурулары бар              79 мың жаңа туған нәрестеге ем қажет болды. Осыған 37,4 млрд теңгеге МӘМС жүйесі есебінен қаржыландырылды.

Жүкті әйелдерге қандай медициналық көмек қажет екендігі туралы ҚР акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартынан оқуға болады. Жүкті әйелдердің патронажы туралы Педиатриялық қызметті ұйымдастыру стандартынан біле аласыздар.

МӘМС қоры КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында жылу электр орталықтары  2026  жылға қарай газға қосылады

Алматы облысының экологиялық жағдайын жақсарту үшін  кешенді Жол Картасы бекітілген еді. Бас құжат  2023-2025 жылдар аралығында қызмет етуі тиіс.  Аймақтық мәселенің түйінін тарқатуға негізделген бұл карта ҚР экология министрі мен
Жаңалық

Алматы облысы бойынша 400 ге жуық бала аутизм дерті бойынша тіркеуде тұр

Биыл өңірде аутизмге шалдыққандар саны 25 пайызға ұлғайған.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Облыстық психикалық денсаулық орталығы"ШЖҚ МКК директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Райгүл Тленова мәлімдеді. Спикердің айтуынша, баланың
Жаңалық

Талант пен ерекшелік: Қонаев қаласындағы дарынды оқушылар жетістіктерінің форумы

2024 жылдың 13 маусымында Қонаев қаласының Мәдениет үйінде «Дарынды оқушылар жетістіктері форумы» атты айтулы шара өтті. Бұл дарынды балаларды қолдауға және ынталандыруға бағытталған шара. Халықаралық, республикалық олимпиадаларда өңіріміздің абыройын асқақтатқан
Жаңалық

Мемлекеттік басқару академиясында биыл қандай өзгеріс бар? – мамандар түсіндірді

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қажетті құжаттарды тапсыру 30 қарашаға дейін жалғасады. Академияға түсу талаптарына және биылғы енгізілген өзгерістерге қатысты Алматы облысы бойынша академия филиалының директоры Малик Асанов