Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында 59 медициналық нысан салу жоспарланып отыр

Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасында 2024 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жоспарлануда. Оның шеңберінде 8 ауданда 59 Денсаулық сақтау объектісі іске қосылмақ. Бұдан бөлек, үш нысанды пайдалануға беру жоспарлануда. Олар Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана, Ақсу аудандық орталық ауруханасын сейсмикалық тұрақтылығын күшейту, Талдықорған қаласында арнаулы мемлекеттік органға арналған әкімшілік ғимарат салу және Панфилов ауданы Шежін ауылында бір ауысымда 15 адам қабылдайтын ФАП. Денсаулық сақтау саласында алдағы жылға жоспар және өткен жылда атқарған жұмыстармен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансеңгіров Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында БАҚ өкілдерімен бөлісті.
2023 жылы Денсаулық сақтау басқармасы облыс әкімдігімен бірлесе отырып көптеген жұмыстар атқарды. Мәселен, өткен жылы 7 денсаулық сақтау нысанының құрылысын басталды. Бүгінде төрт нысан халыққа пайдалануға берілді. Қалған нысандар осы жылдың соңына дейін іске қосылады.
«Сонымен қатар, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 4 санаттағы қоңырауларға қызмет көрсету үшін 750 млн. теңге сомасына 29 санитарлық автокөлік сатып алынды. Медициналық ұйымдарды жабдықтармен жарақтандыру көрсеткіштері 91%-дан 93%-ға дейін өсті.
Бүгінде облыста жас мамандарды тарту және алыс шетелде де білім деңгейін арттыру арқылы кадрлар тапшылығы мәселесі шешілуде. Өңірдің медициналық ұйымдарында 1894 дәрігер мен 6820 медбике жұмыс істейді. Кадр тапшылығы 186 маман, оның ішінде қала – 87, ауыл – 99. Жалпы практика дәрігерлері, акушер-гинеколог, педиатр, анестезиолог-реаниматологтар ең үлкен тапшылықты қажет етіп тұр», — дейді Арман Серікұлы.
Денсаулық сақтау саласындағы тағы бір қуантарлық жағдай облыстық көпсалалы клиникасында мидың қатерлі ісіктерінде, өкпе, бауыр, ұйқы безі, бүйрек ісіктерінде Өңірлік артерияішілік химиотерапия сияқты емдеу түрлерін жүргізіледі. Емдеудің бұл түрлері тек онкологиялық институттар деңгейінде жүргізілгенін атап өту керек.
Спикер сөзінің соңында облыстың медициналық ұйымдарының инфрақұрылымын жаңарту, материалдық-техникалық жақсарту нәтижесінде, сондай-ақ, кадр мәселесін шешу бойынша алдағы уақытта әлі де қажетті жұмыстар атқарылатынын мәлімдеді.

Related Posts

Қоғам

Талдықорғанда барлық дауыс беру учаскелері өз жұмысын тоқтатты

Таңсәріден басталып, кешке дейін жалғасқан 64 дауыс беру учаскелері дауыс берушілерді қабылдауын тоқтатты. Бұл жөнінде қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Әділет Рымтайұлы мәлімдеді. Талдықорғандықтар үшін 64 дауыс беру учаскесі таңғы сағат
Жетісу облысы

Талдықорғанда отандық өнім шығарылуда

Талдықорғанда Тоқа Қарқын атты азамат сұйық сабын шығарумен айналысып, отандық өнімді дамытуда. Жеке кәсіпкер цех жұмысын өз қаражатымен дамытып отыр. Цехта жалпы саны 5 адам жұмыс жасайды. Сондай-ақ мұнда шет
Медицина

Жетісу облысында кене шағуының 470 жағдайы тіркелді

Жыл басынан бері Жетісу облысында 470 кене шағу тіркелді. Оның ішінде 230 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында орын алды. Кене энцефалитінің эндемиялық аймағына Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан аудандары
Жетісу облысы

Жетісу оқушыларына «Мектепке жол» акциясында  80 млн теңгеге жуық көмек көрсетілді

2024 жылғы 1  тамыздан 30 қыркүйекке дейін аз қамтылған, көп балалы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық қолдау көрсету мақсатында оқу жылының басына дайындық кезеңінде «Мектепке жол» республикалық