Жаңалық

Былтыр Алматы облысында 120 дан астам әйел жатыр мойын обырына шалдыққан

Жатыр мойны ісігі әйелдер арасында ең көп таралған онкологиялық аурулардың бірі.
Маманның айтуынша, жатыр мойын ісігі жасарып келеді.Нақтырақ айтсақ, көбіне ісікке шалдыққандардың жас мөлшері 45-50 жастағы әйелдер.Ал қазіргі таңда 15-20 жастағы қыздарда ісік пайда бола бастаған.
Аталған ісіктің жасару себептерін Саяхат Олжаев жіктеп айта өтті. Мысалы, жыныстық өмірдің ерте басталуы мен серіктестердің жиі өзгеру,ерте алғашқы жүктілік пен имунндық тапшылық.
Алматы облысы бойынша қатерлі ісік ауруымен 10897 науқас тіркелген. Ал, 1083 науқас жатыр мойны ісігі бойынша есепте тұр. Былтыр 122 әйел ісікке шалдыққан.
Саяхат Олжаев,жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін әрбір әйел тіркелген жері бойынша емханада скринингтен өтуі тиіс екенін айтты. Және де қатерлі ісікті қоздыратын папиллома вирусына қарсы вакцина егуге кеңес беріледі. Көбінесе бұл вакцинаны жыныстық қатынасқа түспей салдырған абзал.

«Вакцина 10 жас пен 45 жас аралығындағы қыз-келіншектерге егіледі. Егер екпе бойжеткен тұрмыс құрып, алғашқы жыныстық қатынасқа түскенге дейін жасалса, ісіктің алдын алу мүмкіндігі артады. Қыз-келіншектер денсаулықтарына жауапкершілікпен қарап. Тиісті тексерістен уақытылы өтіп тұруға кеңес береміз»,-дейді Саяхат Таурбекұлы.

Былтыр өңірде 59488 әйелге тексеріс жоспарланса, 54119 әйел скринингтен өтті .Тексеріс нәтижесінде 2800 қатерлі ісік анықталған. Биылға 67231 зерттеу жасау жоспарланған.
Естеріңізге салайық, облыс тұрғындары үшін ертен Алматы қаласында жатыр мойыны обырына қарсы ашық есік күні өткізіледі. Толық ақпаратты Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының сайтынан немесе almoblzdrav инстаграм парақшасынан біле аласыздар.

Related Posts

Жаңалық

Жетісу облысында қызылша сырқаттанушылығы бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайсыз

Өңірде сырқаттанушылық республикалық көрсеткіштен төмен болғанымен, апта сайын қызылшамен ауырған науқастар саны артып келеді. Мысалы, қараша айының басында аптасына 10 шақты жағдай тіркелсе, соңғы уақытта науқас саны 5-8 есеге өсіп,
Жаңалық

Алматы облысында қызылшаның 3000-ға жуық жағдайы тіркелді

Қазіргі таңда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі . Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі алаңында денсаулық сақтау басқарма басышының орынбасары Онғарсын Байұзақов пен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Саулет Капсаламова баяндады.
Жаңалық

«Қонаев» ӘКК қаражатты депозитке салған — Жоғары аудиторлық палата

Жоғары аудиторлық палата Алматы облысында мемлекеттік ресурстардың пайдаланылу тиімділігіне аудитті аяқтады. Оның нәтижелері Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен палата отырысында қаралды. Мемлекет басшысының бастамасы аясында Алматы облысы 2022 жылы Жетісу облысының