Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында жастарды өңірлік кадр резервтеріне іріктеу жоспарлануда

1 наурыздан бастап облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың  және Астананың өңірлік кадр резервтеріне іріктеу басталады. Жобаның негізгі  мақсаты – жас басқарушы тұлғаларды қалыптастыру және өңірлерді дамытуға таланттарды тарту. Осындай ақпаратпен Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында БАҚ өкілдерімен кездесуде облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Қобылан Манап бөлісті.

Іріктеуге жоғары білімі және 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар, 35 жастан аспаған еліміздің азаматтары қатыса алады.

«Әрбір өңірлік резерв бойынша нақты салалық бағыттар мен резервшілердің саны облыстағы әлеуметтік-экономикалық жағдай және мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың басымдықтары ескеріле отырып, өңірлік кадр комиссияларымен айқындалатын болады. Іріктеу 7 бағыт бойынша, атап  айтсақ, индустрия  және өнеркәсіп, экономика, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру, экология салаларында жүзеге асырылмақ», — деді Қобылан Тоқбергенұлы.

Айта кетейік, қатысуға өтінімдерді қабылдау биылғы жылдың 1-31 наурызы аралығында onir.pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады.

«Жоғарыда аталған 7 бағыт бойынша облысқа мамандарды тарту алдағы уақытта жалғасын табады деген үміттеміз. Білімді, еңбекқор және жасампаз азаматтарды өңірлік кадр резервтеріне іріктеуге қатысуға шақырамыз», — деді Әсет Серікұлы.

 Әрбір кезеңнің нәтижелері комиссия шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде интернет-ресурстарда және кандидаттардың жеке кабинеттерінде, жобаның сайтында орналастырылады. Өңірлік резервте болу мерзімі 2 жыл.

Related Posts

Жетісу облысы

«Alakol Fest – 2024»: Алакөл көлінің жанындағы керемет жазғы оқиға!

20 шілдеде Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылында көптен күткен ашық аспан астындағы «Alakol Fest – 2024» музыкалық фестивалі өтеді. Бұл іс-шара Алакөл көлінің жағасында демалуға және жазғы кештерден ләззат
Жетісу облысы

Жетісу облысында он күнде 79 қылмыс тіркелді

Республика бойынша «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Нәтижесінде Жетісу облысында жалпы 79 қылмыс тіркеліп, оның  43-і  кезекшілік тәулікте  ашылды. Іздеуде жүрген 2 қылмыскер ұсталды. Осындай ақпаратпен Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық
Қоғам

Алматы облысында 5 мыңдай аманат етілген әлемдік мұра жойылып кету қаупінде тұр

Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы облыстық Партиялық бақылау комиссиясының отырысында талқыланды. Жиынға тарихшылар, экологтар, қоғам белсенділері және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. «Охотники за петроглифами» ҚБ директоры Ольга Гумированың айтуынша, Аққайнардағы
Жетісу облысы

 Жетісу облысында 8 қаржы пирамидасы анықталды

Жыл басынан бері Жетісу облысында 1200-ге жуық заңсыз контент анықталды. Оның ішінде 8 қаржы пирамидасы бар. Қазіргі уақытта олардың барлығы бұғатталған. Бұл  туралы  Өңірлік  коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Жетісу облысы