Жетісу облысыҚоғам

Өткен жылы Жетісу облысында 57 еңбек құқығын бұзушылық анықталды

Жетісу  облысының  азаматтарының  шағымдары бойынша  өткен  жылы  облыстық Еңбек инспекциясы бойынша басқармасы 60 тексеру жүргізді. Нәтижесінде 57 бұзушылық анықталды. Белгілі болғандай, негізінен еңбек бұзылыстары  білім  беру,  денсаулық сақтау  және құрылыс саласында орын алған. Бұл туралы Мемлекеттік еңбек инспекторы Еркін Дәулетұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында мәлімдеді.
«2023 жылы ұйымдардың 34 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұл сомасы 5 млн. теңге. Еңбек инспекторлары облыстық прокуратурамен және аудан, қала әкімдіктерімен бірлесіп 15 кәсіпорында 214 млн. теңге сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады. Қабылданған ықпал ету шараларының нәтижесінде облыстың 849 қызметкерінің берешегі өтеліп,  құқықтары қорғалды», — деп атап өтті спикер.
Айта кету керек, өткен жылы облыстың ұйымдары мен кәсіпорындарында өндірістегі қызметкерлермен 32 жазатайым оқиға болды.
Нәтижесінде 37 қызметкер зардап шегіп, оның ішінде 6 адам қайтыс болған.
«Басқарма  499  өтінішті тіркеді. Өтініштің негізгі бөлігі жұмыскерлердің конституциялық құқықтарына, ҚР Еңбек Кодексінің баптарын түсіндіруге, еңбек дауларына, жұмыс берушінің заңсыз әрекеттеріне, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына қатысты мәселелерді қозғайды», — дейді Еркін Дәулетұлы.
Спикер сөзінің соңында тұрғындардың еңбек қызметіне байланысты сұрақ  немесе  арыз-шағымдары  болса, Жетісу облысының Еңбек инспекциясы бойынша басқармасына жүгіне алатынын айтты.

Related Posts

Жетісу облысы

Балалардың құқықтарын қорғауды басымдықта нығайту: Қазақстан зорлық-зомбылықпен күресуге және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде

Қазақстандағы соңғы оқиғаларды ескере отырып, балалардың құқықтарын қорғау мемлекеттік органдардың назарында қалатынын атап өту маңызды. Қазақстан өзінің әлеуметтік-құқықтық саясаты шеңберінде балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды басым міндеттердің бірі ретінде таниды.
Жетісу облысы

«Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты қалай іске асып жатыр?

«Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты коммуналдық салаға инвестиция тарта отырып, желілер мен қуат көздерінің тозу деңгейін кемінде 15 пайызға азайтуды көздейді. Бағдарлама шеңберінде желілер мен жабдықтардың жоғары тозуына байланысты инженерлік инфрақұрылымды
Жетісу облысы

Алакөлде мемлекеттік сыйлық лауреаты дауыс берді

Алакөл ауданы, Жағатал ауылдық округінің тұрғыны, Мемлекеттік сыйлық иегері, Алакөл ауданының Құрметті азаматы Қайныш Таңатова №58 учаскеде дауыс берді. Қайныш Таңатова бүгінгі референдум еліміздің тарихында қалатын маңызды оқиғаның бірі екенін
Жетісу облысы

Жетісу облысында 32 мыңға жуық тұлға декларациялаудан өтті

Бүгінгі таңда Жетісу облысындағы кірістерді декларациялау жүйесіне 118 мыңға жуық жеке тұлға кірді. 2024 жылдың басынан бастап кірістер мен мүлік туралы Декларацияда көрсету үшін ақпарат тізбесі қысқарды. Енді жеке тұлғалар