Саясат

Алматы облысында ауыл тұрғындары мобильді қоғамдық қабылдаудың көмегіне жүгінді

Мобильді топ мүшелері Еңбекшіқазақ аудынына қарасты Қайназар және Қаракемер ауылдарында болып, елдегі ағайынның мұң-мұқтажын, ұсыныс-пікірін тыңдады.

Қабылдаулар барысында  ауыл тұрғындары қара бастың емес, халықтың ортақ қажетті деген мәселелерді көтерді. Мәселен, Қайназар ауылында коммуналдық проблема көп. Тұрғындар жылдар бойы елдімекенге ауыл мәртебесін ала алмай келеді. «Осының кесірінен барлық мәселелерді өз бетімізше шешуге мәжбүрміз», – дейді.

Рахат ауылдық окургінің тұрғыны Тасбай Жәнібековтың айтуы бойынша, ауыл маңындағы саяжай халқының белгілі статусы болмағандықтан зиратқа тиісті жер бөлінбейді.

«Ауылда зират жоқ. Бұл мәселені көтеріп жүргенімізге 2 жыл болды. Салдарынан халық өзге ауылдардағы зиратқа жақынын жерлеп, сабылып жүр. Осы күнге дейін қолданған жерлер санитарлық нормадан асып кеткен. Енді біз онда адам жерлей алмайды. Мәселенің қашан шешілетіні белгісіз. Бірақ өлім күтіп отырмайды. Біз әне шешіледі, міне шешіледі деп жүруден шыны керек шаршадық», – дейді тұрғын.

Ауыл халқының басым бөлігі жаңа мектептер мен спорт алаңдарын салу, ішкі жол құрылысы, көшелерді жарықтандыру, ауыл шаруашылығы, субсидия алу, ағын су, жайылым жер, ұялы байланыс пен интернет сапасының нашарлауы, дәрігерлік амбулаторияның жоқтығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмыссыздық және әлеуметтік мәселелерді көтерді.

Аманаттықтардың айтуынша, өткен жылы мұндай мобильді қоғамдық қабылдаулар аясында 18 ауыл халқымен кездесу өткен. Биыл 20 жуық елді-мекенді қамтымақ.

«Өткен жылы партиямызға тұрғындардан 3 546 өтініш түсті. Бұл мәсе­ле­лердің 65%-ы қазіргі уақытта шешімін тапты. Алайда, шалғайда орналасқан халық партияның аудандық немесе облыстық филиалына жол ұзақтылығына байланысты әрдайым келе бермейді. Сондықтан, біз тұр­ғын­дардың түйінді мәселелерін алға тартып келуін күтіп отырмай, сіздерге өзіміз келуге тырысамыз. Мұндай кездесулердің халыққа тиімділігі жоғары. Өйткені, бұл мобильдік қоғамдық қабылдаудың басты мақсаты шалғай орналасқан елді мекендердегі тұрғындарды қабылдап, олардың әлеуметтік, қоғамдық және өзге де ортақ түйіткілді мәселелерінің шешілуіне ықпал ету, бағыт-бағдар мен кеңестер беруді көздейді», – дейді облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Аслан Кубентаев.

Осы орайда топ өкілдері ауыл тұрғындары көтерген әрбір мәселені мұқият назарға алып, олардың заң аясында шешілуі бойынша жұмыстар атқаратындарын, әрбір өтініштің назардан тыс қалмай, олардың оң шешілуі бойынша нақты жұмыстар жасалатындығын жеткізді. Кейбір сұрақтар бойынша нақты кеңестер беріп, мәселені сол жерде шешуге ықпал еті.

Айта кету керек, қоғамдық қабылдауға облыстық әкімдіктің жер қатынастары, цифрлық технологиялар, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, энергетика және ТҮКШ басқармаларының өкілдері қатысты.

Related Posts

Жетісу облысы

Кербұлақ ауданында «Шежіре, өнер-тәлім отауы» ансамблі мерекелік көңіл-күй сыйлады

Референдум күні Кербұлақ ауданында шығармашылық ұжымдар өз өнерлерімен бөлісуде. Солардың бірі - «Шежіре, өнер-тәлім отауы» үйірмесінің мүшелері. Әжелер ансамблі ең әуелі №185 дауыс беру учаскесінде өз таңдауларын жасап, кейін келген
Жетісу облысы

«Босс-Молокосос» Талдықорғанда таңдау жасады

Бүгін Талдықорғандағы жалпыхалықтық референдумға «Босс-Молокосос» қатысты. Арнайы кейіпкер киімін киген жастар дауыс беріп қана қоймай, сайлау қатысушыларына осындай ерекше көңіл күй сыйлап, өз пікірін білдірді. «Референдум - қазақстандықтар үшін маңызды
Жетісу облысы

Талдықорғанда 986 мүгедектігі бар азамат дауыс беру құқығына ие

Талдықорғандағы дауыс беру учаскелерінде барлық тұрғынға, оның ішінде мүгедектігі бар азаматтарға дауыс беру үшін тең жағдай жасалған. Көру және тірек-қимыл аппараты бұзылған дауыс берушілер үшін «Инватакси» қызмет көрсетіп, оларды дауыс
Жетісу облысы

Облыс әкімі 8 наурыз қарсаңында жергілікті мәслихаттардағы депутат әйелдермен кездесті

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Қазақстан республикасы мәслихаттарының 30 жылдығы аясында және Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыс әкімі Бейбіт Исабаев Жетісу облысының әр деңгейдегі мәслихаттардың әйел депутаттарымен кездесті. Оларды алдағы