Жаңалық

Жетісуда меценат гемодиализ орталығын ашты

Жетісуда тағы бір гемодиализ орталығы іске қосылды. «Туған жерге туың тік» дегендей, Сарқан ауданы Қарауылтөбе ауылында туып-өскен азаматтың меценаттық жасауымен Сарқан аудандық аурухана базасында гемодиализ орталығы ашылды. Оған кәсіпкер 60 млн. теңге жеке инвестиция салған, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сарқан ауданы әкімдігінің мәліметіне қарағанда, кәсіпкер Азамат Доланбаев аудандық аурухананың бос тұрған үй-жайының шағын бөлігіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, гемодиализ қызметі үшін арнайы жабдықтар әкеліп орнатқан. Орталық орналасқан алаңның көлемі – 85,2 шаршы метр. Орынды жалға алу ақысы мемлекеттік бюджетке төленеді.

Осылайша 19 мың тұрғыны бар Сарқан қаласында бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі ауруына шалдыққан адамдардың қанын тазалап, қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін орталық іске кірісті. Бұрын сырқаттар гемодиализ алу үшін Сарқаннан 151 шақырым жердегі облыс орталығына қатынайтын болса, енді оларға алысқа жол тартудың қажеті жоқ.
Орталықтың ашылуымен тұрғындарды аудан әкімі Ғалымжан Маманбев құттықтап, ел жанды азаматқа алғысын білдірді. Ол өз сөзінде осы уақытқа дейін ауданда мұндай орталық болмағанын, сондықтан созылмалы бүйрек аурулары бар азаматтардың Талдықорған қаласына баруына тура келгенін айтты.

— Адам өмірі — ең қымбат құндылық, денсаулық ешқандай ақшамен өлшенбейді. Осы ретте Азамат бауырымыздың игі ісіне алғыс білдіремін, — деді Ғ. Маманбаев.

Орталықта Германияда жасалған құрал-жабдықтар орнатылған. Мұнда бір мезгілде 4 науқас ем қабылдай алады. Медициналық қызмет тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында МӘМС жүйесі арқылы тегін көрсетіледі.

— Емдеу процесі әр адамға аптасына 3 рет жүргізіледі. Бір сеансқа шамамен 4 сағат жұмсалады. Бүгінгі күнге Сарқан ауданынан бөлек Ақсу және Алакөл аудандарының жақын аймақтарының науқастарын қоса алғанда 10 азамат ем алып жатыр, — дейді дәрігер Олжас Байжанов.

Алматы қаласының «Bios» клиникалық базасынан арнайы білім алған ол әріптесі Мұрат Бөлегеновпен бірге орталықта науқастарға арнайы медициналық көмек көрсетеді.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Related Posts

Жаңалық

Талғар ауданында 32 елді мекеннің халқы газға қосылған

  Алматы облысындағы өндірісі өркендеген аймақ-Талғар ауданы.  Былтыр 9 бірдей жаңа өндіріс ошағы ашылып,  инвестиция көлемі 1,8 млрд. теңгеге жеткен, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Мемлекеттік қолдаудың арқасында ауданда «Қайрат»
Жаңалық

Алматы облысында жыл басынан бері 85 адам құтқарылды

Суға бату жағдайы тек жаз айларында ғана емес қүзде және қысқы мезгілдерде орын алады. Әсіресе әуесқой балықшылардың қауіпсіздік ережелерін сақтамауы оқыс оқиғаға алып келеді. Алматы облысы ТЖД қызметкерлерінің айтуынша су
Жаңалық

Дәрігерлер пышақ жарақатынан 1,5 литр қан жоғалтқан жасты құтқарды

Талғар аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне ЖМК бригадасы белгісіз біреулердің қолынан пышақ жарақатын алған жас ер адамды жеткізді. Ол шұғыл түрде хирургия бөлімшесіне жатқызылды. Науқасқа іш қуысының жарақаты және сол
Жаңалық

Алматы облысынында 1 наурыздан бастап өңірлік кадрлық резервке іріктеу басталады

Өңірлік кадр резерві жобасының негізгі мақсаты - аймақты дамытуға талантты жастарды тарту. Жобаның бірінші кезеңі 1-31 наурыз аралығында өтеді. Бұл туралы өңірлік комуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысы әкімі аппаратының