Жетісу облысыҚұқық

Жетісу облысында жол-көлік оқиғаларын азайту үшін іс-шаралар атқарылуда

Жыл басынан бері жол-көлік оқиғаларының күнделікті өсуіне байланысты, сондай-ақ жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті жақсарту  және жол ережелерін бұзудың алдын-алу мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылып,  өткізілуде. Соның бірі ақпан айының 5-і мен 29 аралығында өткен «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы. Іс-шараның нәтижесі бойынша Жетісу  облысында 12 500 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қайсар Мұхметов өңірдегі жол-көлік оқиғаларының  жағдайы  мен оның алдын  алу бойынша  қабылданып  жатқан  шаралары  туралы  БАҚ өкілдерімен кездесуде айтты.

«Өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының саны 42 % төмендеді. Жүргізілген талдауға сәйкес зардап шеккендердің саны – 134-тен  92  адамға  дейін,  қаза  тапқандар  саны 56,5%, яғни 23-тен 10 адамға дейін азайды», — деп атап өтті ПД ЖПҚБ бастығы.

Жыл басынан жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Мәселен, жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермегені үшін 300-ге жуық құқық бұзушылық анықталды. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және  уытқұмарлық масаң күйде басқарғаны үшін 140 құқық бұзушы ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жаяу  жүргiншiлердiң  және  жол  жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін 3500-ге жуық құқық бұзушылық анықталды. Белгiленген жүру жылдамдығын арттырғаны үшін 1100-ге жуық жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ережеге бағынбайтын жүргізушілерге патрульдік қызметте тұрған заманауи технологиялар белсенді қолданылуда. Атап айтсақ, «Ekin Patrol» жүйесімен жабдықталған үш арнайы автокөлік  жергілікті  жер мен автожол жағдайына байланысты белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кету, жол жүру ережелері бұзушылықтарын тіркейді.

««Қауіпсіз жол» іс-шарасының өткізілуіне жалпы 309 полиция қызметкері, оның ішінде 173 патрульдік полиция, 120 учаскелік инспектор және басқада 16 қызметкері жұмылдырылды.  Атап өтейік, биыл 2 айдың қорытындысы бойынша, Жетісу облысының аумағында 46  жол-көлік оқиғасы орын алды. Онда 9  адам қаза  тауып, 82  адам дене жарақатын алды. Осы тұста жүргізушілерді жол ережесіне бағынып, өзінің де, өзгенің де өміріне қауіп тудырмауға шақырамыз», — деп қорытындылады Қайсар Жақсылықбекұлы.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысының бірнеше тұрғынына халықаралық іздеу жарияланды

2004 жылы 23 қаңтарда Ескелді ауданында ауыр қаржылық қылмыс орын алды. Аталған ауданның «Қазпочта» ААҚ кассирі Гүлбану Бәзілбаева Қанат Исабаевпен сөз байласып, қызмет бабын асыра пайдаланды және зейнетақы мен жалақыға
Жетісу облысы

Жетісу облысы Әділет департаменті: Жыл қорытындысы және «Робот сот орындаушы» жобасын енгізу

2024 жылы Әділет департаменті шалғайдағы ауылдық елді мекендерде 65-ке жуық «Құқықтық кабинетін» ашты, бұл жергілікті тұрғындар үшін құқықтық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етті. Бұл туралы облыстық Әділет департаментінің басшысы Ержан
Жетісу облысы

Өткен жылы Жетісу облысында 57 еңбек құқығын бұзушылық анықталды

Жетісу  облысының  азаматтарының  шағымдары бойынша  өткен  жылы  облыстық Еңбек инспекциясы бойынша басқармасы 60 тексеру жүргізді. Нәтижесінде 57 бұзушылық анықталды. Белгілі болғандай, негізінен еңбек бұзылыстары  білім  беру,  денсаулық сақтау  және құрылыс
Жетісу облысы

СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

Жаркент қаласындағы №317 сайлау учаскесіне дауыс беру үшін таңмен таласып сайлаушылар ағылып келуде. Тұрғындар референдумға үлкен белсеніділікпен қатысуда. Осы дауыс бері учаскесіне тіркелген Социалистік Еңбек Ері Күләш Айтжанова да бүгінгі