Жаңалық

Алматыда балаларға арналған «Кітап әлемі» экскурсиясы өтті

26 наурыз күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының тапсырысымен«BookVibe» жобасының аясында «Жаухар» ұлттық салт-дәстүрді қолдау қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 30-дан астам арнайы мамандандырылған «Жанұя» кешенінің тәрбиеленушілеріне, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Тё Елена Васильевнаның қолдауымен балаларды кітап оқуға тарту және қызығушылығын арттыру мақсатында Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында «Кітап әлемі» тақырыбында шолулық экскурсия өткізіледі.

Экскурсия барысында балалар адам өміріндегі кітаптың рөлі, шығу тарихы туралы кітапханашының әңгімесін тыңдады. Кітапхананың кітаптар қорымен, кітапхананың ережесімен танысты. Шараның соңында бірнеше жасөспірімдер кітапханаға жазылып, оқырман билетін алды. Сондай-ақ іс шараға «Алматы Пікірсайыс федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Абдрахман Серікұлы Қалиев қатысып «Кітап адамзаттың асыл тәжі» тақырыбында балалармен ой өрбіті. Біз өз кезегімізде Алматы қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесімен Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұжымына алғысымызды білдіргіміз келеді.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында 135 мыңға жуық ШОБ субъектілері жұмыс жасайды

Алматы облысында шағын және орта бизнесті дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Облыста кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталған түрлі бағдарламалар мен қолдау шаралары бар. Олардың қатарында несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау,
Жаңалық

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілер құрметке бөленді

Алматы облысында Мемлекеттік қызметшілер күніне орай өңірдің түкпір-түрпірінде ауқымды шаралар өтті. Сала мамандарының елдің өркендеуіне қосқан елеулі үлесіне лайықты баға берілді. Негізгі шара Қонаев қаласындағы Бердібек Соқпақбаев саябағында ұйымдастырылды. Онда
Жаңалық

Қатерлі ісікпен күресу жолы

  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 11 жастағы қыздарды адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялаудың 2023-2025 жылдарға арналған жоспарын бекітті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде онколог-дәрігер Карлығаш Тәжібаева хабарлады. Онкологтың айтуынша,
Жаңалық

Алматы облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына құжат қабылдау басталды

Жемісті ғылыми, шығармашылық, кәсіби және қоғамдық қызметі үшін танылған 14-35 жас аралығындағы жастарға ҚР-ның Тәуелсіздік күніне орай Алматы облысы әкімінің «Заңғар-2023» жастар сыйлығын өткізу жоспарлануда. Қатысу шарттары мен ережелерін баспасөз