Мәдениет

Қонаев спортшылары «Таза өлке» акциясын қолдайды

Қонаевта жекпе-жек спорт мектебі және мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ) қызмет етеді. Еліміздің көк туын көкке желбіретер спортшыларымыз «Таза өлке» науқанына қолдау білдіріп сенбілікке шықты.

Өз пікірінде БЖСМ-нің әдіскері Қарлығаш Изанова қала таза болуы үшін ең алдымен бірлік керек екенін тілге тиек етті. Айтуынша, көршілес Өзбек мемлекеті бір күнді ақылдаса белгілеп, сол күні халық жаппай сенбілік жасайтын көрінеді. Ұйымшылдық арқасында шаһарлар демде тазарып шыға келеді – дейді маман.

«Таза Қазақстан» акциясы бес аптаға жалғасатыны қуантады. Бұл уақыт ішінде ағаштар әктеліп, көшелер мен аулалар күл-қоқыстан тазартылып, қалаға ерекше өң кірмек. Біз де өз үлесімізді қосуды мақсат етіп, сенбілікке шықтық. Мұндай шараларды спорт мектебімізде жиі ұйымдастырып тұрамыз», — деді Қарлығаш Изанова.

Бұған дейін қаладағы 800-ден астам бизнес субъектілерінің қызметкерлері сенбілікке шыққанын жазғанбыз.

Related Posts

Жетісу облысы

Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында тұңғыш 3D Fantasy ертегі

14-17 мамыр аралығында Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрына балаларға арналған 3D Fantasy «Алтын сақа» ертегісінің премьерасы көрерменге жол тартпақ! Мұсатай Ақынжановтың «Алтын сақа» ертегісі 3D Fantasy нұсқада алғаш рет
Қоғам

Жетісу облысы әкімінің «Көшбасшы – 2023» жастар сыйлығы

Жетісу өңірінде ең креативті, бастамашыл және дарынды жастар таңдалмақ. Облыс әкімінің жыл сайынғы «Көшбасшы-2023» сыйлығына іріктеу және ұсыну бойынша өтініштер қабылдау мерзімі  қараша айының 20-сынан басталды. Қатысу шарттары мен ережелерін
Жетісу облысы

Жаңа маусым, жаңа премьера

Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры көрерменмен қайта қауышты. Өнер ұжымы кезекті 49-шы маусымның шымылдығын Сәбит Әбдіхалықовтың «Көке» қойылымымен ашты. Шығарма жас режиссер Рамазан Үсеннің қолтаңбасымен заманауи үлгіде, комедиялық жанрда
Қоғам

Жетісу облысында алдағы жылы мәдениет күні кең ауқымды телевизиялық жоба ретінде өткізілмек

Бүгінгі күні Жетісу облысының мәдениет және архив мекемелерінің желісі 309 нысан. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында мәдени ошақ қызметкерлерінің 10 айда атқарған жұмыстары жайлы Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама