ҚоғамМәдениет

Жетісу облысының филармониясына Дәнеш Рақышевтің есімі берілді

Өңір филармониясына Қазақстанның халық әртісі Дәнеш Рақышевтің есімі берілуіне орай тұлғаның тұрған үйінде естелік тақтайшасы жаңартылды. Сондай-ақ әнші әрі композитор құрметіне арнап ҚР мәдениет пен өнер саласы үздіктерінің қатысуымен «Жетісу дүлдүлі» атты мерекелік концерті өтпек.
Бұл жайлы Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйінде Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Сүлейменов Қуаныш Сұлтанұлы, Жетісу өңірінің Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының директоры Жексенбаев Самат Жанғазыұлы және Қазақстан халық әртісі Стамғазы Рамазан Өмірәліұлы мен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанпейісов Нұржан Қабимолдаұлы хабарлады.
Спикерлер қазақы өнердің өрнегіне өрмелеген өр тұлғаның өміріне көз жүгіртті. Мәдени ошақтың есімі бұндай ұлыға берілгені еңбегінің еш кетпегені дейді қонақтар.
Сонымен қатар Қуаныш Сұлтанұлы келесі жылы Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына және
Мұхаметжан Тынышбаевтың айтулы датасына орай жеке-жеке ескерткіш орнатуды жоспарлап отырғанын айтты. 

Related Posts

Жетісу облысы

ҰҚК Шекара қызметі азаматтарды әскери қызметке шақырады

Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында ҚР ҰҚК Шекара қызметіне әскери қызметке шақыру туралы баспасөз-мәслихаты ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің кадр бөлімінің бастығы
Жетісу облысы

Бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданудың ерекшеліктері мен шарттары

Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану тәртібі қаралды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі 190-нан 364-ке дейін кеңейтілді. Бұл режимді жылдық
Жетісу облысы

Талдықорғанда отандық өнім шығарылуда

Талдықорғанда Тоқа Қарқын атты азамат сұйық сабын шығарумен айналысып, отандық өнімді дамытуда. Жеке кәсіпкер цех жұмысын өз қаражатымен дамытып отыр. Цехта жалпы саны 5 адам жұмыс жасайды. Сондай-ақ мұнда шет
Жетісу облысы

Жетісуда жүгері алқаптарында күзгі жиын-терін жұмыстары жүргізілуде

Жетісу облысының Панфилов ауданы жүгері дақылының өлкесі, облыстағы жүгерінің шамамен 74% осы аймаққа тиесілі, мұнда 2 мыңнан астам фермер жүгері өсірумен айналысады. Биыл ауданда 170 мың тонна жүгері жинау жоспарланған.