Мәдениет

«Таза өлке»: Қонаевта тұрғын үйлердің ауласы тазаланды

Бүгін «Таза өлке» апталығының соңғы күні. Дүйсенбіден «Киелі мекен» эконауқаны басталады. Аясында шаһардағы мәдени мұралар мен ескерткіштердің аумағы тазаланып, абаттандырылмақ.

 

Апта Қонаевтағы тұрғын үйлердің аулаларын тазартумен аяқталды. Сенбілікке 80-нен астам адам жұмылдырылып, 160 қап қоқыс жиналды.

 

Жалпы «Таза өлке» апталығында бірқатар жұмыстар атқарылды. Алдымен 60-тан астам адам аллеяны қоқыстан тазартты, келесі күндері науқанға Алматы облысының әкімі бастаған мемлекеттік қызметшілер, 200 студент, 800-ден астам бизнес субъектілері, мұғалімдер мен оқушылар, ардагерлер қатысты. Қонаевқа қарасты ауылдық округтермен қоса есептегенде бұл жұмысқа 4500-ден аса адам жұмылдырылды.

 

Related Posts

Жетісу облысы

Жаңа маусым, жаңа премьера

Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры көрерменмен қайта қауышты. Өнер ұжымы кезекті 49-шы маусымның шымылдығын Сәбит Әбдіхалықовтың «Көке» қойылымымен ашты. Шығарма жас режиссер Рамазан Үсеннің қолтаңбасымен заманауи үлгіде, комедиялық жанрда
Мәдениет

Қонаев ардагерлері Жеңіс паркін тазалады

Қаламызда «Киелі мекен» акциясы жалғасуда. Бүгін аталған эконауқанның аясында ардагерлер мен жастар бірлесіп, қаладағы Жеңіс паркін тазалады. Бұл парк былтырдан бері күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Жасыл желектер егіліп, ағаштар әктеліп,
Жетісу облысы

Жетісу облысында санитарлық тексерулер басталады

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бақылау іс-шараларының кестелерін немесе тізімдерін жасайды. Объектілерді таңдау тәуекелді бағалау критерийлеріне негізделген автоматты түрде болады. Бұл бақылау субъектілерін таңдау кезінде адам факторын
Мәдениет

Мектептегі ескерткіштің аумағы тазаланды

Бүгін "Киелі мекен" акциясы аясында қаладағы Ш.Уәлиханов атындағы №2 мектеп-гимназияның оқушылары ауладағы ескерткіш маңын тазалады. Шараға 9-сыныптың 15 оқушысы және мұғалімдер қатысты. Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, мектеп аулаларына үнемі сенбілік жасалады.