Жаңалық

 Алматы облысының цифлық көшірмесі толықтырылуда

 

“Алматы облысының цифрлық көшірмесінің” негізгі мақсаты — бұқара мен билік арасындағы ашықтық болып табылады. Қазіргі таңда аталмыш жоба барлық саланы қамтып, толық жетілдірілуде.Бұл туралы баспасөз мәслихатында айтылды.

Цифрлық көшірмеде нысан атауы,ғимараттың салынған жылы және соңғы жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының уақыты,мекен–жайы,ғимараттың жалпы ауданы, халық саны сынды өңірлік перспективалық деректер енгізілген.
Яғни, көшірмеде нысанның атауынан бөлек, оған жұмсалатын қаржы, қолданысқа берілетін уақыты мен құрылысқа жауапты мердігер
компания туралы барлық мәлімет берілген. Көшірмеде бүгінде 1148 мектепке дейінгі білім және 471 орта білім беру ұйымдарының тізімі бар.
Сондай-ақ,техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары бойынша 22 мемлекеттік колледж бойынша ақпарат алуға болады.

“Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде бой көтеруі тиіс 53 білім беру ошақтары жайлы және екі аусымдық мектептер туралы толыққанды мәліметтер цифрлық көшірмеде көрсетілген”,-дейді Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Елубаева.

Ал, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Пернебаевна көшірмеде 349 медициналық нысан бойынша деректер енгізіліп, әрдайым жаңартылып тұратынын алға тартты.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында нашақорлыққа қарсы күрес күшейтілді

  Өңірде жасөспірімдер мен жастар арасында есірткінің таралуына жол бермеу мақсатында белсенді іс-шаралар жүргізілуде. Жыл басынан бері 376 алдын алу шарасы ұйымдастырылып, 214 дәріс мектептерде оқушыларға есірткінің зияны мен оның
Жаңалық

Жетісу облысында 214 адам қызылшаға қарсы екпе алудан бас тартқан

Жетісу облысында сырқаттанушылық республикалық көрсеткіштен төмен болғанымен, апта сайын қызылшамен ауырған науқастар саны артып келеді. Жыл басынан алғашқы нақтамамен 635 жағдай тіркеліп, оның 454-і расталған. Расталған жағдайлардың дені 5 жасқа
Жаңалық

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті

Журналистер үйінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараны облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев жүргізді. Министр БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап беріп, өз пікірін білдірді.
Жаңалық

Серік Нұрқадыров Қонаев мәслихатына депутат болып сайланды

2024 жылғы 31 наурызда өткен Қонаев қаласы мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама 2024 жылғы 31 наурызда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Қонаев қалалық мәслихатының шығып