Жаңалық

«Таза Қазақстан»:  бір айдың ішінде Алматы облысы қалай түрленді?

 

Мыңдаған тонна қоқыс, жүздеген гектар тазартылған жер мен онмыңдаған жаңа отырғызылған ағаштар —  облыста кең ауқымда өткен «Таза Қазақстан» акциясының нәтижесі осындай.

Барлық абаттандыру салаларын қамтыған акция барысында 19 506 тонна қоқыс жиналып, тазартылған аумақ 6600 гектардан асты. «Таза Қазақстанға» 450 мыңнан астам тұрғын, 5824 кәсіпорын мен ұйым, 400 саяжай алабының тұрғындары қатысты.

Тазалаудан көгалдандыруға дейін

«Таза Қазақстан»  акциясы бес аптаға созылды, олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналды.

«Таза өлке»  акцияның аясында аумақтарды ауқымды жинау жұмыстары жүргізілді. Бір апта ішінде 11 533 тонна қоқыс жиналды, оның 4230 тоннасы қайта өңдеуге жіберілді.

«Киелі мекен».  Бұл бағытта мәдениет және тарих ескерткіштеріне назар аударылды. 75 мыңнан астам адам, оның ішінде билік өкілдері, мәдениет қайраткерлері, студенттер мен еріктілер 850 ескерткіш пен мұражайларды күл-қоқыстан тазалады.

«Жасыл аймақ» – ағаш отырғызуға арналған мезет.   57 260 адам 45 413 ағаш, 5 901 бұта отырғызды. 340 мың оқушы «Өз ағашыңды отырғыз» акциясына белсене қатысты.

«Өнегелі ұрпақ» — ардагерлерге көмек. 4 889 адам жалғыз тұратын ардагерлердің 963 үйінің аумағын тазалап, абаттандырды.

«Мөлдір бұлақ» — су көздерін тазарту. 27 657 адам 413 бұлақ көздерін тазартты: өзендер, көлдер мен субұрқақтар тазаланды.

 

  • «Таза Қазақстан» акциясына азаматтардың белсенді қатысуы, кәсіпорындардың қолдауы және коммуналдық қызметтердің үйлесімді жұмысы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Акцияға барлығы 2304 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылды. Бұдан бөлек, экологиялық науқанға  облыс бойынша  64 727 ағаш пен бұта отырғызылып, көгалдандыру жұмысы жолға қойылды»,-дейді Алматы облысы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Мәди Абылайұлы.

 

Бір сөзбен айтқанда, «Таза Қазақстан» акциясы аймақты таза және жасыл етіп қана қоймай, тұрғындарды қоршаған ортаға қамқорлық жасау идеясына біріктірді.

 

Related Posts

Жаңалық

Жаңа жыл күндері Қонаевта 10-нан аса сәби дүниеге келді

Ұлу жылы сүйіншімен басталды. Жаңа жыл күндері Қонаев қаласында 10 нан аса сәби дүниеге келген. Қатарында Дінмұхамед есімді азаматта бар. Қазір ол облыс орталығындағы перзетханада жатыр. Айта кетейік, жылдың алғашқы
Жаңалық

Бұрыс дерек ұсынған респонденттер жауапкершілікке тартылмақ – Бағлан Қарғұлов

  Бұл туралы Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында айтылды. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департамент басшысы Бағлан Қарғұловтың айтуынша, өзгертулер статитикалық деректерді жинау тетігін жетілдіруге бағытталған.
Жаңалық

Алматы облысының түкпір-түкпірінде «Дәрігер бұрышы» акциясы өтіп жатыр

Осы жолы игі бастама Қарасай өңірінде жалғасын тапты. «Дәрігер бұрышы» акциясы аясында қарасайлық тұрғындар тегін медициналық консультациялық-диагностикалық қызмет алды. Ерекше шара ауданның «Аport» атты ірі сауда кешенінде өтті. Дәрігерлер қант
Жаңалық

ЖУ-да «Менің туым» акциясы өтті

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде  25 қазан – Республика күні қарсаңында «Менің туым» акциясы өтті. Мемлекеттік ту көтеру  рәсіміне Әскери кафедра  командирлері, университет оқытушылары мен қызметкерлері, студенттер қатысты. Әлеуметтік жұмыс және