Жетісу облысыҚоғам

Неліктен бізге кассалық машиналар керек?

ҚР Салық кодексінің 166-бабында қолма-қол ақшамен есеп айыры-суды және сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін төлем карточкаларымен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде бақылау-касса машинасын пайдалану міндетті болып табылады деп көрсетілген. Заңнама сатушы мен сатып алушы арасындағы қатынастарды реттейді. Сондай-ақ, өз кезігіңде тұтынушының құқығын қорғайды. Осындай ақпаратпен облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Динара Төстікбаева Өңірлік коммуникациялар алаңында бөлісті.

«Сатушыларда бақылау-кассалық машинасы болуы, тауарларды сатып алу кезінде чек беруі, тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты орыс  және  қазақ тілдерінде беруі, сондай-ақ, қызметкерлерінен өз аты-жөнін көрсететін бейдж туралы хабардар талап етуі керек. Тұтынушылардың құқықтары бұзылған жағдайда, бұл мәліметтер соттағы әділеттілікті қалпына келтіруге көмектеседі», — деді спикер.

Онлайн бақылау-касса машиналары салық органдарына нақты уақыт режимінде орындалған ақша операциялары туралы ақпаратты оңай жіберуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінде бақылау-кассалық машиналарды пайдалану туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. Егер заңнама бірінші рет бұзылса – ескерту, қайталап жасалса – айыппұл салынады.

Related Posts

Қоғам

Жетісу облысында 500-ге жуық  пиротехникалық бұйымдар тәркіленді

Терезе жақтауын жаңа жыл қаққанда аспан аясы түр-түсті от шашуға толары мәлім. Жұрт жаппай алып, мерекенің мәйегі іспеттес қылған бұл құралдың адам өміріне зиян тұстары да аз емес. Сол себепті 
Жетісу облысы

Жетісу облысында дәнді-дақылдардың 80% жиналды

Жетісу облысында егін жинау науқаны 8 шілдеден бастап жалғасуда. Қазіргі уақытта Алакөл, Ескелді және Кербұлақ аудандарындағы дәнді-дақылдардың жалпы көлемінің 80%-ы жиналып, 544 мыңнан астам тонна астық бастырылды. Өңірде жалпы қуаттылығы
Жетісу облысы

Жас сарбаз! 1 наурызда көктемгі әскерге шақыру науқаны басталады

1 наурыздан бастап Президент жарлығына сай ел көлемінде көктемгі әскерге шақыру науқаны басталады. Бұл шара маусым айының соңына дейін жалғаспақ. Осындай ақпаратпен Жетісу облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің заң қызметінің