Жетісу облысыҚоғам

Жас сарбаз! 1 наурызда көктемгі әскерге шақыру науқаны басталады

1 наурыздан бастап Президент жарлығына сай ел көлемінде көктемгі әскерге шақыру науқаны басталады. Бұл шара маусым айының соңына дейін жалғаспақ. Осындай ақпаратпен Жетісу облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің заң қызметінің бастығы Ержан Адырбаев, Талдықорған қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы Мақсат Дүйсебеков және басқарманың қызметтік істі ұйымдастыру және әскерлері қызметінің бастығы Нұрсұлу Мұсабаева БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз-мәслихатында мәлімдеді.

Жетісу облысының аумағында 8 шақыру комиссиясы жұмыс істейтін болады. Оның 7-еуі аудандық, 1-еуі қалалық болса және біреуі облыс көлемінде ұйымдастырылады. Облыстық қорғаныс істер департаментінің жоспары бойынша көктемде өңірдің 2000-ға жуық, Талдықорған қаласының 500-ге жуық  азаматы әскерге шақырылмақ.

Әділет майоры Ержан Әділханұлының айтуынша, жас сарбаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қорғаныс министрлігімен бірге «Өмірді сақта» жобасы жүзеге асырылуда. Мұнда бейнеқоңырау арқылы мерзімді әскери қызметшілер отбасымен, туған-туыстарымен байланысқа шығып сөйлесе алады. Сонымен қатар «Әскери сенім» атты мобильді қосымшасына әскери қызметшілер немесе оның туыстары құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда өтініштерін бере алады. Бұдан бөлек, барлық әскери бөлімдерде бейнебақылау жүйелері әскери полиция органдарының пункттері және күнделікті әскери полиция органының қызметкерлері мен медицина мамандарының әскери қызметшілердің дене-бітімін тексеру жүзеге асырылады.

Заңға сәйкес, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босауға негіз жоқ 18-27 жасқа дейінгі ҚР азаматтары мерзімді әскери қызметке шақырылады және  олар шақыру комиссиясына келуге міндеттеледі.

«Шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, оның келуін қамтамасыз ету тиісті ішкі істер органдарына жүктеледі. Сондай-ақ, азаматтарды әскерге шақырту электронды үкімет порталы және смс хабарламалар арқылы жүзеге асырылады. Әрбір борышкер шақырту  келген  соң  7 күн ішінде дәлелді себептерсіз комиссияға жүгінбесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұлға тартылады», — деді Нұрсулу Мұсабаева.

Спикерлер жиын барысында борышын өтеген азаматтарға әскерден келген соң 2 жыл ішінде ҰБТ-ны есепке алмай ЖОО-ларға оқуға түсу мүмкіндігі берілетінін атап өтті.

«Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату Заңның 36-бабына сәйкес, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған, жиырма жеті жасқа толған, туыстарының бірі әскери қызмет қызметтік міндеттерін атқару кезінде қайтыс болған немесе оған 1-2-ші топтағы мүгедектік белгіленген, басқа мемлекетте әскери қызмет өткерген,  ғылыми дәрежесі бар азаматтар, тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлері босатылады», — деп қорытындылады Мақсат Қуандықұлы.

 

Related Posts

Жетісу облысы

«Мемлекеттік статистика туралы» Заңға өзгерістер енгізілді

«Мемлекеттік статистика туралы» Заңға өзгерістер енгізілді. Енді респонденттер уақытылы есеп бермесе, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Оған қоса статистикалық деректердің дәйексіздігі анықталған жағдайда 1 жұмыс күні ішінде түзету енгізуі қажет. Бұл туралы
Жетісу облысы

«Томирис» көшбасшы әйелдерге арналған жоба іске асырылмақ

«Томирис» көшбасшы әйелдерге арналған жоба жүзеге асырылады. Ол қатысушылардың өз бастамаларын ілгетілетуге, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. Байқауға қатысушылар өтінімі 22 шілде мен 16 тамыз аралығында электронды нұсқада қабылданады. Бұл туралы
Жетісу облысы

Жетісу облысында он күнде 79 қылмыс тіркелді

Республика бойынша «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Нәтижесінде Жетісу облысында жалпы 79 қылмыс тіркеліп, оның  43-і  кезекшілік тәулікте  ашылды. Іздеуде жүрген 2 қылмыскер ұсталды. Осындай ақпаратпен Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық
Жетісу облысы

Жетісу облысының азаматтары былтыр 19 млрд. теңге әлеуметтік төлем алды

2005 жылдан бастап Қазақстанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры атынан жұмыс істейтін азаматтар үшін әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша деңгейін қамтамасыз ететін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді. Жүйенің қалыптасу жылдарында Жетісу облысы бойынша