Жаңалық

Басты мақсат – сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамту

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына жыл басынан 3 мыңнан аса тұрғын тіркелген. Бүгінде мекеме барлығы 77 жарым мыңдай адамға медициналық көмек көрсетуде. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС шеңберінде 213 мыңға жуық қызмет көрсетілген. Олардың ішінде МРТ, Ультрадыбыстық зерттеу, компьютерлік томография, рентген, электрокардиограмма сынды тексерулер бар. Бұл туралы МӘМС қорының облыстық филиалы директорының дәрігерлермен ақпараттық-түсіндірме жұмыстары кезінде айтылды.                                                                                                                                                                                                                         

«Бүгін МӘМС жүйесін дамытудың жаңа бағыттары бойынша кездесу өтті. Бізге алда қандай өзгерістер енгізілетіні түсіндірілді. Бұл жүйені 2017 жылдан бері білеміз. Оның қалай дамығанын көрдік. МӘМС нәтижесінде біз денсаулық сақтау саласының алға жылжуын байқап келеміз. Аурухананың материалдық қамтамасыз етілуі, дәрігерлердің еңбекақысының өсуі сынды. Мәселен, биыл емханамызға МРТ құрылғысы орнатылды», — дейді Қонаев қалалық аурухана директорының орынбасары Қайрат Иманғалиев.

Жиынға Қонаевтағы қормен келісімшарт жасасқан жекеменшік денсаулық сақтау ұйымының қызметкерлері де қатысты. Оларға Тілеухан Әбілдаев қордың басты мақсаты халықты сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамту екенін жеткізді.                                                                                                                                                         

«Кездесуде қордаланған проблемалар айтылды. Жүйенің аясындағы еліміздегі жаңалықтар енгізілген диагностикалық жаңа емдеу тәсілдері туралы, халыққа беретін мүмкіндіктері және болашақ жоспарлары туралы баяндадым. Дәрігерлер тарапынан бірқатар сұрақ қойылды. Біз Қонаевтағы медициналық мекемелерде қаржылық мәселелер жоқ екенін анықтадық», — деді қордың Алматы облыстық филиалының директоры.

Өз сөзінде Тілеухан Шілдебайұлы тұрғындардан түсетін арыз-шағымдарды азайту, халықты сақтандыру мәртебесі туралы, дәрі-дәрмекпен қамтылу, алдағы МӘМС жүйесіндегі өзгерістер, қаржыландыру тақырыптарына кеңінен тоқталды.

МӘМС КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Related Posts

Жаңалық

Жаңа Алатау қаласының әкімі болып Аркен Өтенов тағайындалды.

Жаңа Алатау қаласының әкімі болып Аркен Өтенов тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Аркен Өтенов 1983 жылы 15 қарашада Алматы қаласында
Жаңалық

Алматы облысында мектептердегі балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде

  Білім беру мекемелеріндегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – өзекті мәселе. Алматы облысының білім басқармасы бұл бағытта маңызды шараларды қолға алуда. Облыстық тәрбие жұмысы, қорғаншылық, қамқоршылық және арнайы білім беру
Жаңалық

Алматы облысының 3 ауданында магнитті-резонансты томография кабинеті ашылды

Алматы облысының Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасы мен Қонаев қалалық ауруханасында магнитті-резонансты томография қолданысқа берілді. Қуаты 1,5 Тесла болатын "GE Signa Voyager" магнитті-резонанстық томографының сараптамалық жабдығы облыс әкімдігі мен денсаулық сақтау