Қоғам

Қонаевта рұқсат етілмеген жерде сауда жасағандарды жазалап жатыр

Қонаев қаласының тұрғындары Абай көшесінің бойында саудамен айналысатындарға жиі шағымдануда.

Олардың айтуынша, саудагерлердің тығыз орналасуынан аяқ алып жүруге мүмкін емес әрі жәшіктер мен арнайы контейнерлер үнемі қоқысқа толып, шіріген жеміс-жидектің сасық иісі мүңкіп тұр. Тұрғындардың бұл сөзімен коммуналдық қызмет көрсетуші компания өкілдері де келісіп отыр. Сөздерінше, көше сыпырушылар саудагерлерден кейін түннің ортасына дейін жұмыс жасауға мәжбүр.

Сондықтан қалалық кәсіпкерлік бөлімі мен жергілікті полиция қызметкерлері мәселені шешу мақсатында рейдтік жұмыстарды күшейтті. Мысалы, өткен аптаның өзінде ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабына (белгiленбеген орындарда сауда жасау) сәйкес, 12 адамға айыппұл салынып, 3 тұлғаға ескерту берілді. Ал кәсіпкерлік бөлімінің ұсынған шартына саудагерлер әлі де келіспей отыр. Бұл туралы осы уақытқа дейін ақпарат таратқан болатынбыз.

Сондай-ақ мамандар туристер ағынының көбеюіне байланысты бизнес орындарының иелерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлері Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен бірлесіп, тазалық ережелерін сақтамаған жағдайда әкімшілік жаза қарастырылғанын ескертуде.

Related Posts

Қоғам

Аманаттықтар вандализммен күресуді жалғастырып жатыр

«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты Қазақстанның тарихи, мәдени және табиғи мұрасын вандализмнен қорғау жөніндегі ауқымды республикалық акцияны жалғастыруда. Кеше осы тақырып аясында дөңгелек үстел өтіп, оған белсенділер, сарапшылар, Мәжіліс
Қоғам

Игі бастама: Қонаев тұрғыны арнайы әлеуметтік мекемелерді тегін тазалап жүр

Алматы облысында «Zhas Project» жобасы аясында 1 миллион грант иесі атанған Алина Каримжанова өз ісін қайырымдылықтан бастады. «Тазалық денсаулық – кепілі» атты жоба арқылы Алина Каримжанова бірінші бастамасын Қонаев қаласында
Қоғам

Шомылу маусымы

Көптен күткен шомылу маусымы басталып та кетті. Тұрғындар жаз мезгілінде жанұясымен «Алакөл», «Балқаш» көлдеріне немесе басқа да демалыс орындарына барып демалғанды жөн көреді. Бүгінгі күні Жетісу облысының санитарлық – эпидемиологиялық
Жетісу облысы

Жетісу облысында жаңа тұрғын үй бағдарламалары жүзеге асырылуда

Бүгін облыста «Жетісу жастары» жобасы бойынша тұрғын үй сатып алуға өтінімдерді қабылдау басталды. «Отбасы банк» АҚ мен облыс әкімдігінің бірлескен жобасы алғаш рет 2022 жылы іске асырылып 30-дан астам жас