Жетісу облысыҚоғам

Талдықорғанда жүзуге тыйым салынған 8 орын табылды

Жаз айларының аптап ыстығында бос уақытын жағалауда өткізгісі келетіндердің қарасы қалың болары сөзсіз. Алайда, әрбір демалушы қауіпсіздік шарасын қаперде ұстағаны абзал. Талдықорғанда өткен  жылдың 7 айында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 1 бала құтқарылды. Шомылу кезінде суға батып кеткендер тіркелмеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар  қызметінің  алаңында  Талдықорған  қаласы ТЖБ азаматтық  қорғаныс тобының аға офицері Бауыржан Манасов пен Талдықорған қаласы ТЖБ азаматтық  қорғаныс тобының офицері Ертарғын Тілеубаев мәлімдеді.

Осы жылы ТЖБ қызметкерлері судағы адамдардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында қала әкімдігінің өкілдерімен бірлесіп Қаратал және Балықты өзендерінде жаппай шомылу учаскелеріне тексеру жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша  8 жабдықталмаған және рұқсат етілмеген шомылу орны анықталды.

Бауыржан Манасовтың айтуынша, қауіпті және суға шомылу үшін жабдықталмаған учаскелерде 36 тыйым салу және ескерту белгілері орнатылған.

Төтенше жағдайлар басқармасының жеке құрамы құтқару бөлімшелерін, білім бөлімдерін, ЖПҚ қызметкерлерін, сондай-ақ еріктілерді тарта отырып, брошюралар, буклеттер мен жадынамалар тарата отырып, «жазғы кезеңдегі судағы мінез-құлық және қауіпсіздік ережелері» тақырыбында профилактикалық іс-шаралар өткізуде.

Жалпы Талдықорған қаласы бойынша жағдай тұрақты. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олар туындаған жағдайда уақтылы тіркелу мәселелері тұрақты бақылауда.

Related Posts

Қоғам

Алматы облыстық депутаты: Жаңа елтаңбамыз жайлы ойланар кез келді

Құрметті достар! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен Атырау қаласында Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтті. Ұлттық Құрылтай – ұлт болашағына қатысты маңызды мәселелерді талқылап, шешім іздейтін бірегей алаң. Бүгінгі Құрылтайда
Жетісу облысы

Жетісу облысының коммуналдық меншігінде 692 заңды тұлға тіркелген

- 445 мемлекеттік мекемелер және коммуналдық мемлекеттік мекемелер; - 130 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары; - 52 шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары; - 57 КММ және МКҚК филиалдары; - 4
Жетісу облысы

Қараталда өзге ұлт өкілдері белсенді дауыс беруде

Елімізде өзге ұлт өкілдері де бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде. Ескелді ауылдық округінде бүгінгі күні 5 этномәдени бірлестік тіркелген. Ауылдық округтің №150 дауыс беру учаскесіне ұлттық киімдерін киіп орыс,