Медицина

МККБИ туралы не білеміз?

Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар (бұдан әрі-МККБИ) – бұл ауруханаға жатқызылған пациенттердегі негізгі ауруға қосылатын бактериялық, вирустық, паразиттік немесе саңырауқұлақ тектес кез келген жұқпалы ауру, сондай-ақ пациенттің денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қызметтердің кез келген түрін алуына байланысты (медициналық стационарлық және амбулаторлық-емханалық, білім беру, санаторлық-сауықтыру мекемелерінде, тұрғылықты халықты әлеуметтік қорғау мекемелерінде, жедел медициналық көмек көрсету, үйде көмек көрсету кезінде және т.б.) және осы мекемелерде жұмыс істеуі салдарынан медициналық ұйым қызметкерінің өз кәсіби қызметінің нәтижесінде инфекция жұқтыру жағдайлары.

«Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекция» (МККБИ) термині бұрын пайдаланылған «ауруханаішілік» немесе «ауруханалық» инфекция терминін алмастырады, өйткені деректер бұл инфекциялардың пациенттер медициналық көмек алатын кез келген мекемеде оларды зақымдауы мүмкін екенін көрсетеді.

 Жетісу облысы бойынша МККБИ-ң эпидемиологиялық ахуалы.

«Жыл басынан облыс бойынша медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың 12 жағдайы тіркелді, оның ішінде  зертханалық расталғаны — 10 (83,3%), өткен 2022 жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 5 жағдайға өскен. Хирургиялық ұйымдарда 0, босану ұйымдарында 3, алғашқы медико-санитариялық көмек көрсету ұйымдарында 2, аудандық орталық ауруханасының хирургия бөлімінде 1, басқа ұйымдарда 6 жағдай тіркелді. Жас ерекшеліктеріне тоқталсақ: 1 айға дейінгі нәрестелер арасында-2, 1 жасқа дейінгі балалар-1, 1 мен 14 жас аралығындағы балалар арасында-1, 15-49 жас аралығында-5, 50 жастан жоғары ересектер арасында-1, сонымен бірге медициналық қызметкерлер арасында 2 жағдай тіркелді»,- дейді Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары Индира Кунбасова.

 Қоздырғыштары: көбінесе бактериялар, вирустар, паразитарлық аурулардың қоздырғыштары және саңырауқұлақ тектес микроорганизмдер.

Берілу жолдары:

Тамшымен берілу жолы –осы сұйықтықтардан түзілетін және жөтелу,

түшкіру, әңгімелесу немесе басқа респираторлық актілер кезінде ауада ұшатын өлшемі > 5-10 мкм құрамында вирус бар ұсақ тамшылар (сілекейлер және тыныс жолдарынан шығатын сұйық сөл) арқылы таралады.

Жанаспалы берілу жолы –ауырған адаммен тікелей және жанаспалы

байланыс нәтижесінде, сондай-ақ оған тым жақын жерде (тығыз қатынаста)

болғанда құрамында инфекциялық агенттер бар бөліністер арқылы таралады.

Парентеральді берілу жолы –тікелей қан арқылы жүзеге асады (қан құю,

инъекциялар жасалғанда шаншып алу немесе кесіп алу немесе тері жабындарының және шырышты қабықтар бүтіндігінің бұзылуымен қатар жүретін манипуляцияларды орындау кезіндегі тесіп алу кезінде).

 Факторлар: Берілудің негізгі факторлары-ауа, медициналық персоналдың қолдары және көптеген қоршаған орта объектілері (төсек-орын, таңғыш материалдар, медициналық жабдықтар, аппараттар және т.б).

 Медициналық көмекке байланысты инфекциялар медицина саласындағы басты мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта микробтар мен бактериялардың түрлері айтарлықтай өзгерді, қоршаған ортаға бейімделген, медициналық дәрі-дәрмектер (антибиотиктер) мен дезинфекциялық құралдарға төзімді болды және «аурухана штаммына»айналды. Сондықтан ондай инфекциялардан жуық арада сауығып кету мүмкін емес. Осы себепті олар сепсис, пневмония, ең ауыр ақаулар және тыныс алу жолдарының, асқазан-ішек жолдарының, зәр шығару органдары ауруларының асқынуына әкелетін  инфекциялар. Олар балалар мен иммундық жүйесі әлсіреген адамдарға, әсіресе егде жастағы адамдарға оңай беріліп, өміріне қауіп тудырады.

Пациенттерді бұл инфекциядан қалай қорғауға болады?

Қазіргі күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен, еліміздің медицина саласының басшылықтарымен пациенттерді инфекциялық қорғау мақсатында барлық емдік және диагностикалық процедураларын қауіпсіз орындау ережелері (алгоритмдер) әзірленді, медициналық қалдықтарды орталықтан жинау, тасымалдау, жою жағдайында медициналық қалдықтармен қауіпсіз жұмыс жасау әдісі енгізілді, әдістемелік нұсқаулықтар жарияланды.

Науқасқа күтім жасайтын медперсоналдың қол жуу ережелерін сақтауы өте маңызды, бұл медициналық көмекті көрсетумен байланысты инфекцияның таралуын тоқтатады және туындау қаупін азайтады.

«Кәсіби сырқаттанушылықтың алдын алу үшін медициналық қызметкерлер халат, қалпақша, маска, бір рет пайдаланылатын қолғаптар, алжапқыш, қорғаныш көзілдірік, экрандар сияқты жеке қорғаныш құралдарын қолданады. Персонал жүйелі түрде сауаттылығын және пациенттер мен персоналды жұқтыру қаупімен байланысты манипуляцияларды орындау кезіндегі тәжірибелік дағдыларын арттыру үшін инфекциялық бақылау мәселелері бойынша оқулардан, аттестациядан өтеді. Медициналық ұйымдарда бір рет пайдаланылатын бұйымдардың жан-жақты қолданылуы, заманауи жабдықты, дезинфектанттарды, антисептиктерді енгізу, парентералді гепатиттермен сырқаттануды төмендетуге мүмкіндік берді»,- дейді ол.

 Жалпы МКБИ-ң алдын алу шаралары: 

  • ауруханаға жатқызылу мерзімдерінің сақталуы (палаталарды толтыру циклін сақтау);
  • қол гигиенасы;
  • жеке қорғаныс құралдарын пайдалану;
  • қауіпсіз иньекциялар практикасы;
  • өткір құралдардан жарақат алудың профилактикасы және жанасудан кейінгі профилактика;
  • медициналық қалдықтарды қауіпсіз жою;
  • респираторалық гигиена және жөтелу әдебі;
  • медициналық құрал-жабдықты стерильдеу ережелерін сақтау;
  • емшаралар кезіндегі асептика ережелерін сақтау;
  • төсек жабдығын  қолдану және жууға қойылатын талаптарды сақтау;
  • пациенттерді орналастыру, орынжайларды жинау кезіндегі қауіпсіздік, стандартты   сақтандыру шаралары т.б.

Осылайша, медициналық көмекті көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алудың негізгі шараларын сақтай отырып, медициналық ұйымдарда пациенттер мен персоналды аурухана ішілік инфекциялардың жұғуынан сақтап қалуға болады.

Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар (МКБИ) — жаһандық ауқымдағы проблема. Халықаралық медициналық қоғамдастықтың МКБИ таралуын төмендетуге және қызмет көрсету сапасын арттыруға күш салғанына қарамастан, МКБИ пациенттердің, медицина қызметкерлерінің және емдеу мекемелеріне келушілердің қауіпсіздігіне кері әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып қала береді. МКБИ қауіпсіз және сенімді медициналық көмек деген ұғымға қауіп төндіреді, ал пациенттің қауіпсіздігі денсаулық сақтау саласының негізі болып табылады, ал МКБИ алдын алу әлемнің барлық елдерінің денсаулық сақтау саласында басым болып қала береді.

 

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісуда 75 мыңнан астам тұрғын тұмауға қарсы вакцина салдырды

Елімізде қыркүйектен бастап тұмауға қарсы жаппай вакцинациялау басталды. Облыс бойынша маусымдық тұмауға қарсы екпені бүгінгі күнге 75 мыңнан астам адам алды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында Жетісу облысы
Жетісу облысы

Күзде қыздарға адам папиллома вирусына қарсы вакцина салынбақ

Елімізде 11 жасар қыздарға адам папиллома вирусына қарсы вакцина егу жұмыстары жоспарлануда. Екпені ата-ананың жазбаша келісімімен 2024 жылдың күзінен бастап Қазақстан Республикасының мектептерінде немесе тұрғылықты тіркелген мекенжайы бойынша толығымен тегін
Медицина

Педикулез және оның алдын алу

Күз келіп, балалардың барлығы ұйымдасқан мекемелерге (мектеп, балабақша, жатақхана) жиналған кезде тығыз қарым-қатынас салдарынан жұқпалы және паразитарлық аурулардың көбейеді. Солардың бірі – педикулез. Ол адам денесінде биттердің арнайы паразиттік тіршілік
Қоғам

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ҚЫЗЫЛША АУРУЫ АСҚЫНЫП ТҰР: ауруға шалдыққандардың 83%-ы вакцинацияланбаған

Жетісу өңірінде өршіп тұрған өзекті инфекциялардың бірі – қызылша ауруы. Облыстың барлық аумақтарында тіркелген бұл сырқатқа шалдыққандар саны биыл 381 адам. Оның 215-і 5 жасқа толмаған балалар. Ауа-тамшыларымен тарайтын жұқпалы