Жетісу облысыҚұқық

Жетісу облысында он күнде 79 қылмыс тіркелді

Республика бойынша «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Нәтижесінде Жетісу облысында жалпы 79 қылмыс тіркеліп, оның  43-і  кезекшілік тәулікте  ашылды. Іздеуде жүрген 2 қылмыскер ұсталды. Осындай ақпаратпен Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық  Полиция департаменті жергілікті полиция басқармасының бастығы Қайсар Мухметов бөлісті.

«Өңірде  барлығы  4486 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бұрын жасалған 23 қылмыс ашылды. Сондай-ақ, облыс аумағында есірткі заттарын сақтағаны үшін 5 адам ұсталып, заттар тәркіленді. Нақты тұратын жері жоқ 10 адам қабылдау тарату-орындарына қамалды. Уақытша бейімдеу және интоксикация орталығына қамалғандар – 97 азамат. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына 4 адам орналастырылды», — дейді полиция полковнигі.

Брифинг барысында спикер «Қару өткіз – сыйлық ал» атты тіркелмеген қаруды сатып алу акциясы туралы да тілге тиек етті. Айтуынша, заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ақшалай сыйақы үшін тапсыруға ниет білдірген азаматтар қалалық немесе аудандық полиция бөлімдерінің кез келгеніне өтініш бере алады. Қаруды ерікті түрде тапсырғаны үшін материалдық өтемақы төлеу сомасы әр бірлік үшін 10-нан 100 АЕК-ке дейін өзгереді. Қару-жарақ заттарын тапсырған азаматтар ақшалай қаражат арқылы сыйақы алады.

Айта кетейік, жедел-профилактикалық іс-шара барысында атыс қаруын алып жүргені үшін бір, оқ-дәрілерді заңсыз алып жүргені үшін 3 адам ұсталды. Ал, суық қаруды заңсыз пайданған 2 адам белгілі болды.

Спикер заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер, немесе жарылғаш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтардың қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын мәлімдеді.

 

 

 

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысының мәслихат төрағасы референдумда дауыс берді

Дауыс беру учаскесіне Жетісу облысының мәслихат төрағасы Гүлнар Тойлыбаева келіп, өз таңдауын жасады. «Ел өмірінде маңызды референдумда өз таңдауымды жасадым. Жетісулықтар бүгін референдумға белсенді қатысып, бірлігіміз бен ұйымшылдығымызды көрсетеді деп
Жетісу облысы

Жетісу облысында жастарды өңірлік кадр резервтеріне іріктеу жоспарлануда

1 наурыздан бастап облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың  және Астананың өңірлік кадр резервтеріне іріктеу басталады. Жобаның негізгі  мақсаты – жас басқарушы тұлғаларды қалыптастыру және өңірлерді дамытуға таланттарды тарту. Осындай ақпаратпен
Жетісу облысы

Жетісу облысының аумақтық қорғаныс бригадасы келісімшарт бойынша әскери қызметке кандидаттарды қарсы алады

Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында келісімшарт бойынша әскери қызметке шақыру туралы баспасөз мәслихаты өтті. Жетісу облысы аумақтық қорғаныс бригадасының 99285 әскери бөлімінің командирі Бағлан Чегебаев пен әскери бөлім командирінің көмекшісі
Жетісу облысы

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға өзгерістер енгізілді

Жетісу облысында тұтынуышлардың құқықтарын қорғау саласында өтініштер артып келеді. Мәселен, жыл басынан бері Жетісу облысының сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне 500 өтініш түсіп, оның 205 өтініші оңды шешіліп, тұтынушыларға