Жетісу облысыҚоғам

«Жанұя» отбасын қолдау орталығының қызметіне 7 мыңнан астам азамат жүгінген

Жанұя» әлеуметтік орталығы ашылғаннан бері қызметіне 7197-ге жуық азамат жүгінген. Ал 4090 адамға психологиялық көмек көрсетілді. Орталықтың негізгі міндеті халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін заңгерлік  көмек  көрсету, отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту, жұмысқа бейімдеу және қаржылық сауаттылығын арттыру. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Талдықорған аймақтық әйелдерді қолдау орталығының Президенті Жанар Нұрмұханова мен «Жанұя» отбасын қолдау  орталығының  қызметкері Мадина Белгібаева айтып берді.

«Жанұя» әлеуметтік орталығы қиын өмірлік жағдайдағы отбасынан шыққан аналар үшін қала аумағындағы білікті педагогтарды тарта отырып, тегін массаж, компьютерлік сауаттылық, тігінші, шаштараз, аспаздық курстарын оқытып, сертификаттар табыстайды. Жалпы, орталық ашылғаннан бері 409 ана түрлі курстарда білім алған. Сонымен қатар, орталықта аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларына арналған 2-11 сынып оқушыларына  ағылшын тілі курсы, 1-4 сынып оқушыларына қазақ тілі, орыс тілі  мен математика пәндерінен қосымша сабақтары жүргізіледі», — деді Жанар Болатқызы.

Бүгінде елімізде қайырымдылық қорлары арқылы түрлі акция, іс-шаралар  арқылы  көмек көрсететіндердің саны артып келеді. Соның бірі «Харекет» қайырымдылық қоры. Бұл қор арқылы «Жанұя» орталығына жүгінген 9 адам баспаналы болған.

«Осы  жылы «Жанұя» әлеуметтік орталығының атауы, «Жанұя» отбасын қолдау орталығы болып  өзгерді. Алайда, атауы өзгергенмен, ұсынылатын қызметтер мен жұмысы сол күйде.

«Жанұя» отбасын қолдау орталығы «бір терезе» қағидаты бойынша қала тұрғындарына  көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді біріктіріп, отбасылар мен жеке жұмыс жүргізеді. Аталмыш мекеме талдықорғандық отбасыларға заңгерлік, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетеді», — деп қорытындылады Мадина Белгібаева.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Related Posts

Жетісу облысы

Елімізде «Антиконтрафакт» республикалық акциясы басталды

ҚР Әділет министрлігі 1 сәуір мен 23 сәуір аралығында «Антиконтрафакт» республикалық акциясы өтетінін хабарлайды. Шара зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында азаматтардың білімін арттыру және қоғамның контрафактілік өнімдерге төзбеушілігін қалыптастыру мақсатында
Жетісу облысы

Жетісу облысында жаңа тұрғын үй бағдарламалары жүзеге асырылуда

Бүгін облыста «Жетісу жастары» жобасы бойынша тұрғын үй сатып алуға өтінімдерді қабылдау басталды. «Отбасы банк» АҚ мен облыс әкімдігінің бірлескен жобасы алғаш рет 2022 жылы іске асырылып 30-дан астам жас
Қоғам

20 миллионыншы қазақстандық Жетісу облысында дүниеге келді

Қазақстанда 20 миллионыншы тұрғын дүниеге келді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды елдің 20 миллионыншы тұрғынымен құттықтады.  «Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет
Жетісу облысы

Төтенше жағдайлар туындағанда «Дармен» мобильді қосымшасы халыққа хабардар етпек

Жақында Алматы қаласында кезекті жер сілкінісі болғандығы баршаға мәлім. Осыған байланысты облыстың төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері БАҚ өкілдеріне Төтенше жағдайлар кезінде өз-өзін қалай дұрыс ұстау керектігін айтып, іс жүзінде көрсетті.