Жаңалық

Алматы облысында былтыр 160 мың адам тұмауға қарсы екпе алды

Алматы облысында жыл басына 144 адам тағамнан уланған. Олардың 22-і стационарда қалған 122-і амбулаториялық ем қабылдаған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының стационарлық көмек бөлімнің басшысы Әділет Садибеков баспасөз-мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Консервідегі тағамды тұтыну, жарамдылық мерзіміне қарамау, азық-түлікті сақтау ережесін ескермеу тағамнан улануға әкелетін бірден – бір фактор. Мамандар, тағам дайындау гигиенасын сақтау уланудың алдын алуға септігін тигізетін әдіс дейді.

«Тағамды дұрыс температурада тоңазытқышта 5°C-тан төмен және мұздатқышта -18°C –та сақтаған жөн. Бұдан бөлек, патогендерді жою үшін ет, балық және жұмыртқаны толық термиялық өңдеу қажет. Асқа абай болсаңыз, тағамнан туатын түрлі дерттен аман боласыздар»,-деді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының стационарлық көмек бөілімнің басшысы Әділет Садибеков.

Спикердің айтуынша, егер адамда бас айналу, құсу, іш өту сынды жайсыз белгілер байқалған жағдайда дереу дәрігерге қаралу керек. Үй жағдайында ем-дом жасаудан аулақ болған жөн.

Сонымен қатар, баспасөз-мәслихаты барысында Әділет Әбілсейітұлы, маусымдық вирустық ауруларға да тоқталды. Айтуынша, маусымдық ауырулар жаз айларында да белең алады. Бұған ЖРВИ , тұмау жатады. Ең көп таралатын кез, күз мезгілі. Аталмыш сырқаттан сақтанудың жолы — екпе.

Өткен жылы облыста 160 мың адам тұмауға қарсы вакцина алған, биыл екпе егу науқаны қыркүйек айында басталады, болжам бойынша былтырғы межеге жету көзделген. Еске саламыз, маусымдық вирустық ауруларға қарсы екпе алу әр адамның өз еркенде, бұл процес тегін түрде жүзеге асады.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында шалғайдағы 10 мектепке Илон Масктың SpaceX Starlink интернеті қосылды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусин 100 оқушыдан аспайтын шағын ауылдық мектептерге SpaceX компаниясынан интернет орнату бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты. «Біз интерпраз шешімін сатып алуға келістік.
Жаңалық

Кегенде дін мен зайырлылық мәселелері тақырыбында форум өтті

Кеше Алматы облысы Кеген ауданында «Ислам және зайырлы мемлекет» атты аудандық форум болып өтті. Форумның басты мақсаты – қоғамда жиі талқыланып жүрген зайырлы мемлекет туралы түсінікті кеңейту. Форум Кеген аудандық
Жаңалық

Алматы облысында Республика күніне орай 170-тен астам іс-шара өткізіледі

Алматы облысында Республика күні қарсаңында мерекелік іс-шаралар қызу дайындықпен басталып кетті. Бұл мереке еліміз үшін ерекше маңызға ие болғандықтан, өңірде арнайы бағдарламалар мен мәдениет саласындағы іс-шаралар жоспарланған. Бұл туралы Алматы