Жетісу облысыҚоғам

Cыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру жүзеге асырылуда

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында Жетісу облысының әлеуметтік тұрақтылығына әсер ететін, мемлекеттік органдардың атына халық тарапынан қоғамдық резонанс пен сынмен сүйемелденетін 9 бағыт айқындалған. Бүгінде оның 8-і қамтылып, өзекті мәселелерді оңтайландыру жүйесі жолға қойылды.

«Жалпы, біздің облыста жемқорлықтың сегіз бағыты қамтылды. Атап айтсақ, денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қолдау, фискалдық сала, экология, жол, бизнес, спорт салалары. Осы ретте картада көрсетілген әрбір сала бойынша департамент тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бірінші жартыжылдықта қамтылмаған салаларға баса назар аудара отырып, алдағы кезеңге арналған міндеттермен өңірдің тәуекелдер картасы бойынша жұмыс айқындалды. Олар:

— экология саласы – құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз өндіру бөлігінде;

— инфрақұрылым саласы – су, жылу, газбен жабдықтауға, кәріз-тазарту желілеріне қаражат жұмсау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және сыбайлас жем-қорлық фактілерінің жолын кесу мақсатында өңірде мониторингтеуді және жедел сүйемелдеуді жалғастырамыз», — деді  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысы Саян Қылышұлы.

 

 

Related Posts

Қоғам

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ҚЫЗЫЛША АУРУЫ АСҚЫНЫП ТҰР: ауруға шалдыққандардың 83%-ы вакцинацияланбаған

Жетісу өңірінде өршіп тұрған өзекті инфекциялардың бірі – қызылша ауруы. Облыстың барлық аумақтарында тіркелген бұл сырқатқа шалдыққандар саны биыл 381 адам. Оның 215-і 5 жасқа толмаған балалар. Ауа-тамшыларымен тарайтын жұқпалы
Жетісу облысы

Жыл басынан Жетісу облысында табиғатты қорғау туралы заңнамасына қарсы 351 факт анықталды

Өңірде небәрі бір жарым айдың ішінде табиғатты қорғау туралы заңнама 351-рет бұзылған. Нәтижесінде 5 қылмыстық іс қозғалып, 346 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы жайында Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйіне Жетісу
Жетісу облысы

ЕЛ ДАТЫ ДЕПУТАТ НАЗАРЫНДА: Облыстық Жетісу телеарнасында «Депу-дат» бағдарламасы ашылмақшы

30 жылда облыстағы Мәслихат депутаттары өткерген өрелі істер ұшан теңіз. Мінбедегіге ел үнін уысына жинап тамшысын төкпей жеткізетін жандардың алдағы атқарар міндеті де аз емес. Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңына
Қоғам

Алматы облысында «AMANAT» партиясының жанынан әйелдер қанаты құрылды

Қазір әйел азаматтар барлық салада қызмет атқарады. Десе де, нәзік жандылардың шешілмеген түйіндері көп. Партияның облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаевтың айтуынша, бұл ұйым осы мәселелерді шешумен айналысады. «Бүгінде саясатта, мемлекеттік