Жаңалық

Шетелде емделуге кім құқылы?

МӘМС шеңберінде науқастар шетелге емделуге жіберіледі немесе Қазақстан ауруханаларға операциялар жүргізу үшін шетелдік мамандарды шақырады. Шетелде емделуге балалар да ересектер де құқылы. Ондай мүмкіндік елімізде жүргізілмейтін жоғары технологиялық медициналық көмекке айғақтар болған кезде қарастырылады. Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы облысы филиалының директоры мәлімдеді. Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, Алматы облысында 1 млн 200 мыңнан астам тұрғын сақтандыру мәртебесіне ие. Олардың 70-пайызына жуығы жеңілдік санатына жатады.

«Талапқа сәйкес, науқасты шетелге емделуге жіберудің орындылығы туралы шешім бейінді мамандардың қорытындылары негізінде республикалық денсаулық сақтау ұйымдары деңгейінде қабылданады. Квота алу үшін республикалық денсаулық сақтау ұйымына немесе облыстың, қаланың денсаулық сақтау басқармасына жүгіну қажет. Аурулар тізімі арасында миға радиохирургиялық емдеу әдісін (гамма-пышақ) қажет ететін ісіктер, көздің қатерлі ісіктері (гамма-пышақ, радиоактивті аппликаторлар), кератопротездеу, көмейдің стенозы, кеңірдек стенозы сияқты сынды күрделі емдер бар», — дейді қор өкілі Тілеухан Шілдебайұлы.

Қор өкілі МӘМС тізбесінде медициналық көмек «сақтандырылған» мәртебесі бар азаматтарға көрсетіледі. Яғни, ондай тұрғындар МӘМС пакетіндегі қажетті медициналық көмектің барлық түріне пайдалана алады дейді. Ол азаматтың төлеп отырған жарнаның мөлшеріне қарамайтынын айтады. Еске сала кетейік, бұған дейін созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне шалдыққан қарасайлық тұрғын 9 млн теңгенің отасын МӘМС есебінен тегін жасатқан еді. Дәл ондай күрделі әрі қымбат оталар сол өңірде жыл басынан 500 дей өткізіліпті.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысы Әділет департаменті жыл басынан 14 мың азаматқа тегін көмек көрсетті

  Жыл бойы тұрғындардан 6502 өтініш түсіп, олардың әрқайсысына толық әрі қанағаттанарлық жауап берілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Әділет департаменті басшысының орынбасары Нұржан Сатубеков баяндады. Департамент өкілінің айтуынша,
Жаңалық

Алматы облысында азық-түлік арзандады

Алматы облысында бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның төмендеуі тіркелді. Бұл туралы аппараттық кеңес барысында Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Қуаныш Бахытұлы мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде
Жаңалық

Балқашта балық аулағандар 549 мың теңге залал келтірген

Мұны Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді.«Балықшылар табиғатқа келтірілген 548 мың теңгеден астам залалдың орнын толтыруы қажет. Рейдтік шаралар әлі де жалғасады», – делінген хабарламада. Source link
Жаңалық

Алматы облысында 5 миллиард теңгеге жуық субсидия қаржысы ұрланған

Алматы облысының прокуратурасы облыстың ауыл шаруашылығы басқармасын тексеру нәтижелері бойынша бюджеттік субсидияларды ұрлаудың, оларды заңсыз төлеудің және шаруаларға "таңдау әдісімен" төленген жүйелі схемаларын анықтады, - деп хабарлайды Alatau24.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме