Жаңалық

Қонаевта 36 жастағы тұрғынның миына күрделі ота жасалды

Қонаевта миға күрделі ота жасалды. 36 жастағы тұрғын абайсызда құлап, басынан қатты соққы алған. Шұғыл түрде қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер науқасты тексеру барысында бас сүйегінің сынуы мен эпидуральды және субдуральды қанның ұюын анықтаған. Одан бөлек, қан тамырларының қысылып, ми қабықтарының замқымдалғанын көрген. Нейрохируг-дәрігер Марат Гизатулиннің айтуынша, ота бірнеше сағатқа созылып, сәтті аяқталған.

«Мұндай ми жарақаттарынан кейін аман қалу қиын. Десе де, науқастың өмірі үшін күрестік. Ми сүйектері үгітіліп кеткен. Көбіне науқастар жол-көлік апатынан немесе абайсызда құлап қалуынан, яғни қатты соққы алуынан осындай жағдайға ұшырайды. Миына қан құйылып, жиналады. Ол адам өміріне аса қауіпті. Адам есін жоғалтып, комаға түсуі тіпті оянбай қалуы мүмкін. Сондықтан дереу ота жасап, адамның бас сүйегін ашып, сынықтар мен қанды алып тастауға күш саламыз. Тек ота жүргізуімен ғана шектелмейді. Бұл тек аман алып қалудың бір жолы ғана. Науқас одан кейін ұзақ уақыт оңалту шараларынан өтеді», — дейді Марат Гизатуллин.

Мамандардың айтуынша, мұндай жарақаттан кейін тұрғындардың 60-70 пайызы көз жұмады. Қазірде медицина қызметкерлері ауыр хәлдегі науқастың өміріне күресті жалғастырып жатыр. Десе де, күрделі отадан кейін науқасқа ерекше күтім қажет. Бүгінде ер адам жансақтау бөлімінде ем қабылдауда. Реаниматолог-дәрігерлердің бақылауында. Айта кетейік, жыл сайын Қонаев қалалық ауруханасы қабырғасы дәл осындай диагноздағы 30-ға жуық азаматқа ота жасалады. Шұғыл жағдайда тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде, ал жоспарлы түрде оталар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есебінен тегін жасалып отыр.

ӘМСҚ Алматы облысы филиалының баспасөз қызметі

Related Posts

Жаңалық

Жетісу облысында интернет-алаяқтықпен күрес күшейтілуде

Өңірдегі интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шараларымен Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастыру бақылау басқармасының аға жедел уәкілі Бауыржан Текесбай Өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте таныстырды. Қазіргі таңда
Жаңалық

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында МРТ қолданысқа берілді

Бүгін Қонаев қаласы және Алматы облысы тұрғындарының сапалы медициналық қызмет алуы үшін Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында МРТ (магниттік-резонанстық томография) қолданысқа берілді. Енді науқастар МӘМС жүйесі аясында сақтандырылған мәртебесі болса, МРТ
Жаңалық

Алматы облысында соңғы 6 айда 3000-нан астам жас жұмыспен қамтылды

Бүгінде Алматы облысында халық саны 1 млн. 540 мың 600 адамды құрайды, соның ішінде 14 жастан 35 жасқа дейін жастар саны 426 117 адамды құрайды. Аймақта жастарды жұмыспен қамту, NEET
Жаңалық

Бак эндокардит: 6 ай бойы өздігінен емделген науқастың жүрегінде ақау анықталған

Жамбыл ауданының дәрігерлері 6 ай бойы емін таппаған науқастың жүрек ақауы бар деген күдігі расталып, ауруын дәл анықтаған. 31 жастағы аудан тұрғыны ауруы асқынған шағында жергілікті Жамбыл аудандық ауруханасына жүгінген.