Жаңалық

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында МРТ қолданысқа берілді

Бүгін Қонаев қаласы және Алматы облысы тұрғындарының сапалы медициналық қызмет алуы үшін Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында МРТ (магниттік-резонанстық томография) қолданысқа берілді. Енді науқастар МӘМС жүйесі аясында сақтандырылған мәртебесі болса, МРТ тегін түсе алады.

МРТ аурухана ғимаратынан бөлек орналасқан. Нысанның ашылу салтанатына облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева, қала әкімінің орынбасары Сәуле Нұрсолтанова қатысты.

«Алдымен баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Бүгін қала жұртшылығы үшін қуанышты күн. Себебі, бұған дейін науқастар МРТ-ға түсу үшін Алматы қаласына барса, енді бұл қызметтің түрі қолжетімді болды. Шаһарға қарасты ауыл тұрғындары да нақты диагнозын алу мақсатында алысқа бармайтын мүмкіндік алды», – деді өз сөзінде Сәуле Қайырлықызы.

Лейла Серікбаеваның айтуынша, Алматы облысында 3 МРТ қолданысқа берілген. Өңірде 1,5 млн-нан астам халық тұрады екен.

«Облыс екіге бөлінгелі денсаулық сақтау саласына ден қойылып, «Дені сау ұлт» жобасы аясында 3 МРТ сатып алынды. Оның бірі Қонаев қаласында, екіншісі Еңбекшіқазақ ауданында, үшіншісі Қарасай ауданында орналасқан. МРТ – ауруларды ерте уақыттан анықтауға арналған заманауи талаптарға сай келетін жабдық», – деді ол.

Аталған құрылғымен жұмыс жасау үшін медицина қызметкерлері арнайы біліктілік курстарынан өткен. Кабинет халыққа тәулік бойы қызмет көрсетеді деп жоспарлануда.

Related Posts

Жаңалық

Былтыр Алматы облысында 120 дан астам әйел жатыр мойын обырына шалдыққан

Жатыр мойны ісігі әйелдер арасында ең көп таралған онкологиялық аурулардың бірі. Маманның айтуынша, жатыр мойын ісігі жасарып келеді.Нақтырақ айтсақ, көбіне ісікке шалдыққандардың жас мөлшері 45-50 жастағы әйелдер.Ал қазіргі таңда 15-20
Жаңалық

Жетісу облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Жетісу облысында тамыз айынан бастап, қызылша ауруымен сырқаттанушылық тұрақсыз. Бүгінде алғашқы нақтамамен 812 жағдай тіркеліп, оның 576 расталды. Қосымша жаппай иммундаумен облыста 37 433 адам қамтылды, оның ішінде 6-10 айлық сәби
Жаңалық

Сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азамат тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылғы 1 қаңтарда іске қосылды. Оны енгізудің арқасында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру едәуір өсті. Жыл басынан Алматы облысы бойынша сақтандыру қорына жарналар мен аударымдар
Жаңалық

Алматы облысында әлеуметтік топтарға салық жеңілдіктері ұсынылды

  Облыс тұрғындары мен кәсіпкерлері үшін көлік және мүлік салығын төлеу маңызды міндет болып қала береді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы Олжас Отар баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның айтуынша,