Жаңалық

Алматы облысында 242 мың адам декларация тапсырды

Еліміздегі көлеңкелі бизнес пен жемқорлықтың алдын алу мақсатында
“жалпыға бірдей декларация” тапсыру міндеттелген болатын. Ал,нысаның үшінші кезеңі 2024 жылдың 1 қаңтарында басталды. Бұл туралы баспасөз мәслиханда Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Берік Сағынбайұлы тарқатты.

Берік Сағынбайұлының айтуынша, декларацияны заңды тұлғалардың басшылары,жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынуға міндетті. Нысан тұрғылықты жері бойынша тапсырылады. Декларациялауға Қазақстан Республикасы және шет елде тіркелеген мүлік есепке алынады.Сондай-ақ, жылжымайтын мүлік, жер учаскелері мен үлестері, әуе және теңіз кемелері, көлік құралдары жатады.

Мемлекеттік кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Олжас Асангелдіұлының мәліметінше, өңірде 361 мыңнан аса азаматтың тек 67 пайызы, яғни 242 мың азамат міндетті нысанды өткізген.
Өңірде декларациялауды толық қамту үшін кірістер департаменті 10 мың 396 түсіндіру жұмысын жүргізген. Соған қарамастан, бұл жұмыс баяулап тұр.
Айта кету керек, декларацияны ұсынбағандар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бірінші рет ескерту берілсе, екінші ретінде 15AEK, толық емес мәліметтерді көрсеткені үшін 3 AEK мөлшерінде айыппұл салынады.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау басталды

Табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлер мен облыс тұрғындары үшін Қонаев қаласындағы Центральная 19 мекенжайында арнайы пункт ашылды. Бұл ретте облыс тұрғындары үшін күн сайын сағат 09.00-ден
Жаңалық

Алматы облысында Қытай үлгісіндегі шыны көпір салынады

Алматы облысының табиғаты ерекше «Қара шатқал» аймағында елде баламасы жоқ бірегей нысан — шыны көпір салынбақ. 80 метр биіктікте, 170 метр ұзындықпен керілген бұл көпір туристерге ерекше әсер сыйлап, аймақтың
Жаңалық

Алматы облысында пайдаланылмайтын ауылшаруашылық жерлері мемлекеттік меншікке қайтарылуда

Алматы облысында 2024 жылдың басынан бастап пайдаланылмайтын ауылшаруашылық жерлерін мемлекеттік меншікке қайтару бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Алматы облысының Жер қатынастары басқармасының мәліметінше, 393,1 мың гектар пайдаланылмайтын жер анықталған, олар 1322