Жаңалық

Алматы облысында жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы екпе жұмыстар жүйелі жүргізілуде

 

Алматы облысында жануарлардың 16 түрлі аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Бұл туралы баспасөз мәслихатында ветеринария басқармасының басшысы Нұртас Қиялбеков айты.
Спикердің айтуынша, жыл басынан 414 114 бас мүйізді ірі қара және 1 500 124 ұсақ мал бруцеллезге зерттеліп, 155 ірі қара малмен 145 ұсақ мүйізді мал оң нәтиже көрсеткен. Ауру жануарлар өңдеу кәсіпорындарына санитарлық союға жіберілген.Ал, оң нәтиже көрсеткен жануарларды санитариялық союға өткізген жануарлардың иелеріне 11 млн теңге көлемінде өтем ақы төленді. Іс-шаралардың нәтижесінде, ветеринариялық препараттар 54 пайызға қамтамасыз етіліп, 10 миллионға жуық вакцина егілген.

Нұртас Қиялбаев, өңірде 51 мал сою қорымдары жұмыс істеп жатқанын, бұдан бөлек жеке инвестиция тарту арқылы 10 мал сою пункттерін салу жоспарланып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасымен мал қорымдарының санын көбейту жұмыстары жүргізілуде, облыс аумағында 80 типтік мал қорымдары орналасқан болса,биыл Кеген ауданында 7 мал қорымның құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.Онымен қоса 20 мал қорымның құрылысын жүргізуге жобалық смета құжаттары дайындалып жатқанын айтты.
Облыста бұралқы иттердің қаптауы өзекті мәселелердің біріне айналды. Салдарынан жыл басынан 2 178 адамды ит қабу фактілері тіркелген. Дегенмен басқарма тарапынан қараусыз және қаңғыбас ит, мысықты аулауға 10 бригада жасақталып, 32 маман қызмет атқаруда.Нәтижесінде жыл басынан 9555 ит ауланып, зооқорғаушылар мен ит иелеріне 1 181 бас жануар қайтарылды.

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңын іске асыру бойынша ветеринария мамандары учаскелік полиция қызметкерлерімен бірге ит иелеріне үгіт-насихат жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. Үй жануарларын ұстау ережелерін бұзғаны үшін полиция инспекторлары тарапынан 217 тұлғаға 5,2 млн теңге айыппұл салынды»,-деп корытындылады Нұртас Қиялбеков.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында 242 мың адам декларация тапсырды

Еліміздегі көлеңкелі бизнес пен жемқорлықтың алдын алу мақсатында “жалпыға бірдей декларация” тапсыру міндеттелген болатын. Ал,нысаның үшінші кезеңі 2024 жылдың 1 қаңтарында басталды. Бұл туралы баспасөз мәслиханда Алматы облысы бойынша Мемлекеттік
Жаңалық

Алматы облысында екі балдық жер сілкінісі болды

Қазақстандық сейсмологтар Алматы облысының тұрғындарына сезілген жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  2024 жылдың 2 қарашасында ҚР ТЖМ сейсмикалық станциялар желісі Қырғызстан мен Қытай шекарасында, Алматыдан 258 шақырым жерде болған
Жаңалық

Алматы облысының жастарына жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

  Бұл жоба 35 жасқа дейінгі облыс жастарына жеңілдетілген несие арқылы баспана алуға мүмкіндік береді. Өтініштер 2024 жылдың 1-15 қазан аралығында қабылданады. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ Алматы облыстық филиалы
Жаңалық

Қонаевтық дәрігерлер өкпесі қабынған ауыр хәлдегі науқасты аман алып қалды

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына 63 жастағы науқас ауыр хәлде түскен. Сөзінше, науқас үй жағдайында емделіп, ауруын асқындырып алған. Емханаға жеткізілгеннен кейін дәрігерлер қажетті медициналық талдау жүргізіп, ренгтенге түсірген. Кейіннен жүргізілген