Жаңалық

Алматы облысының мектептері жаңа оқу жылына дайын ба?

 

2024-2025 оқу жылында өңірде 1747 білім беру мекемесі жұмыс істейді, олардың ішінде 473 жалпы білім беретін мектеп, 1161 мектепке дейінгі мекеме, 40 колледж және 33 қосымша білім беру ұйымы бар. Жаңа оқу жылында 351 796 оқушы білім алуды бастайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 26%-ға артық.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысының Білім басқармасының басшысы Салтанат Дауыспекқызы тарқатты.

Алматы облысының Білім басқармасы басшысы Салтанат Дауыспекқызының
айтуынша, оқу сапасын арттыру және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар атқарылып жатыр. Мәселен, биыл 73 мектеп жаңа модификациядағы пән кабинеттерімен жабдықталды. Бұл оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасайды. Сонымен қатар, 22 білім беру нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, Алматы облысының Білім сапасында қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ержан Сапарұлының айтуынша, оқу нысандарының жаңа оқу жылына дайындығы 6 талап бойынша тексерілген.Атап айтсақ, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының аяқталуы, білім ордаларының қауіпсіздігі,санитарлық тораптардың болуы,спорт залдары мен асханалардың,жаңа модификациядағы пәндік кабинеттердің және робототехника кабинеттерінің болуы, білім беру ұйымдарында интернет желісінің қолжетімділігі тексерілді.

«Біз білім сапасын арттыру мақсатында биыл 430 мектепке бірқатар мониторинг жұмыстарын жүргіздік. Бұл мониторингтердің нәтижелері бізге аймақтағы білім беру деңгейін жетілдіруге мүмкіндік береді»,-деді Ержан Сапарұлы.

Спикердің айтуынша,өңірде мектептердің қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуде. Барлық мектептерде бейнебақылау жүйелері, дабыл түймелері және турникеттер орнатылып, 117 мектеп полицияның жедел диспетчерлік пункттеріне қосылған.

Related Posts

Жаңалық

Жетісу облысындағы қызылшаның эпидемиологиялық жағдайы

Жетісу облысында қызылша ауруымен сырқаттанушылық тұрақталып келеді. Өңірде қызылшаның алғашқы нақтамасымен 1266 жағдай тіркеліп, оның 904 зертханалық сараптамамен расталған. Жалпы, қызылшаның алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация, арнайы емі
Жаңалық

Алматы облысында жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен 2 мыңнан астам адам тексеруден өтті

Алматы аймақтық көпсалалы клиника мамандары онкологиялық скринингке арналған жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен екі мыңнан астам шалғай ауыл тұрғындарын тексеруден өткізді. Қазақстанда алғаш рет қолданысқа берілген кешенде үш ай ішінде 640
Жаңалық

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілер құрметке бөленді

Алматы облысында Мемлекеттік қызметшілер күніне орай өңірдің түкпір-түрпірінде ауқымды шаралар өтті. Сала мамандарының елдің өркендеуіне қосқан елеулі үлесіне лайықты баға берілді. Негізгі шара Қонаев қаласындағы Бердібек Соқпақбаев саябағында ұйымдастырылды. Онда
Жаңалық

Алматы облысында «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы жүзеге асырылуда

Облыс прокуратурасы мен Полиция департаменті,әкімдікпен және басқа мүдделі органдарымен бірлесіп арнайы топ құрылды. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі ақпараттық алаңында Алматы облысы прокурорының көмекшісі Бауыржан Бимолданов баяндады. Спикердің айтуынша ,