Жаңалық

Алматы облысында «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы жүзеге асырылуда

Облыс прокуратурасы мен Полиция департаменті,әкімдікпен және басқа мүдделі органдарымен бірлесіп арнайы топ құрылды. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі ақпараттық алаңында Алматы облысы прокурорының көмекшісі Бауыржан Бимолданов баяндады.
Спикердің айтуынша , аталған топтың басты мақсаты – кәмелеттік жасқа толмаған балалардың құқықтарын қорғау және тұрмыстық және жыныстық зорлық-зомбылық фактілерін анықтау және оның алдын алу.

«Мобильдік топтармен бір айдан астам уақытта 869 отбасы тексерілді, оның ішінде 284 полиция және пробация органдарында есепте тұрған тұлғалар. Сондай-ақ тізімде тұрмысы қолайсыз немесе толық емес 254 отбасы тіркелді. Жоба шеңберінде 8 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде 73 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылып ,жауапсыз ата-аналардан 27 бала тартып алынды .Әр отбасыда бізбен әзірленген тексеру парағы толтырылып отыр, оған вакцинациядан бастап, тұрғын-үйге кезекке қоюға дейін баланың барлық құқықтары қосылды»,-дейді Бауыржан Бимолданов

Бұдан басқа, жобаға жауаптылар 112 отбасыға материалдық көмек көрсетті. Атап айтсақ, тұрғын-үйге кезегіне 152 бала қойылып, 2 отбасыға тұрғын-үй алуға көмек көрсетті. Медициналық тексеруден 918 бала өтті, оның ішінде 25 бала ауруханаға жатқызылды.
Профилактикалық іс шараларды жүргізу барысында білім беру мекемелерінде буллинг, есірткі, спирттік ішімдіктер тақырыбында дәрістер өткізіліп, кәмелет жасқа толмаған балалардың құқықтарын қорғау үшін арнайы QR-кодты қолдану туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, балаларға қатысты құқық бұзушылықтар жасау фактілері туралы +7-777-012-35-91 нөмірі немесе almaty_obl_prok «Instagram» парақшасы арқылы хабарлауға болады.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысындағы республикалық жолдар екі айға жетпей жарамсыз күйге түсті

Кеген ауданы әкімі Нұрбақыт Теңізбаевтың айтуынша, биыл көктемде жөндеуден өткен Көкпек, Кеген, Нарынқол ауылдарында жасалған жолдың сапасы сыр берген. Онымен қоса, Кеген – Түп тасжолы мен Көлсай жолдары да шұрық
Жаңалық

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті

Журналистер үйінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараны облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев жүргізді. Министр БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап беріп, өз пікірін білдірді.
Жаңалық

Қонаевта биыл 8 мыңнан астам жасөспірім психологиялық көмекке жүгінген

Жастар денсаулық орталығының психологы Диана Ришатовна брифингте орталықтың жасөспірімдерге бағытталған маңызды қызметтерін баяндады. Оның айтуынша, ЖДО-ға жыл сайын 10 000-ға жуық жасөспірім жүгінсе, жыл басынан бері 8 000-нан астам жасөспірім
Жаңалық

Алматы облысы бойынша 400-ге жуық бала аутизм дерті бойынша тіркеуде тұр

Биыл өңірде аутизмге шалдыққандар саны 25 пайызға ұлғайған.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Облыстық психикалық денсаулық орталығы"ШЖҚ МКК директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Райгүл Тленова мәлімдеді. Спикердің айтуынша, баланың