Жаңалық

Жетісу облысы: Жыл басынан 37 мыңнан астам адам ЖРВИ-мен ауырған

Жетісу облысында жыл басынан жіті респираторлық вирустық инфекцияның 37 361 жағдайы тіркелді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев мәлімдеді.

Өңірдегі сырқаттанушылық өткен жылғы эпидемиологиялық кезеңмен салыстырғанда 2,5 есеге өскен, оның 25 818 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар арасында.

Жетісу облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің айтуынша
өңірде тұрғындарды тұмауға қарсы иммундау жұмыстары аяқталған. Бұл мақсатта жергілікті бюджет есебінен 79 918 адамды вакцинациялау жоспарланып, егілген. Яғни, облыс халқының 12% иммундаумен қамтылып отыр.

Брифингте Талдықорған қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Біржан Оспанов та бүгінгі ахуалды баяндап берді.
«Бүгінде жұқпалы аурулар ауруханасында 185 бала жатыр. Науқастардың 85%-ы 5 жасқа дейінгі балалар»,- дейді ол.
Жалпы, дәрігерлер тұмаудың алдын алу үшін жеке бас гигиенасын сақтауға кеңес береді. Себебі, сырқаттануды емдегеннен көрі алдын-алу анағұрлым жеңілрек.

Related Posts

Жаңалық

МӘМС: Дәрігерлер 70 жастағы қарияның коронарлық артериясын қалпына келтірді

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының кардиологтары мен кардиохирургтары 70 жастағы науқасқа коронарлық артериясына шунттау жүргізді. Егде жастағы азамат кеуде тұсындағы ауырсыну және қатты ентігу шағымдармен жүгінген. Жалпы, коронарлық артерияны шунттау немесе
Жаңалық

«Аймақтану» білім беру бағдарламасы қандай мамандықтарды дайындайды?

Халықаралық кеңістікті аймақтарға бөлу халықаралық қатынастарда жаңалық емес. Халықаралық қатынастар тарихында аймақтар империялар түрінде, ірі держава мен оның одақтастарының альянсы түрінде болған. Қазіргі кезде аймақтар халықаралық жүйенің дербес қызметі бар
Жаңалық

Қонаев әскерилері Республика күніне арналған әннің тұсауын кесті

Қонаевтағы 32363 әскери бөлімінің қызметкері Досжан Ақатай Республика күніне арнап «Жаса қазағым» патриоттық әнін жазған, деп хабарлайды Қонаев қаласының әкімдігі. Шаһарда өткен салтанатты шарада әннің тұсауы кесілді. Досжан Ақатайдың бірнеше