Жаңалық

Алматы облысының фельдшері «Алтын жүрек» сыйлығын иеленді

Елордада Жас мамандарға арналған «Jas Kenes Siylygy» сыйлығының иегерлері анықталды. Бұл марапат елімізде биыл алғаш рет өткізіліп отыр. Жеті аталым бойынша өткен конкурсқа 700-ден аса азамат қатысуға ниет білдірген. Нәтижесінде әр номинациядан екі жеңімпаз марапатталған. Үздік деп танылғандар қатарында облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясының аға фельдшері Дархан Бақыткелді де бар.
Іле ауданы Боралдай ауылының фельдшері «Алтын жүрек» аталымына лайық деп танылған. Дархан 6 жылдық фельдшерлік тәжірибесінде жедел медициналық жәрдем көлігінде аяғы ауыр әйелдерді жолда аман-есен босандырып, жеті бірдей нәрестенің дүние есігін ашуға көмектескен. Бүгінде олардың кіндік әкесі. Сонымен қатар жол апатынан зардап шеккен, хәл үстінде жатқан талай жанды ажалдың тырнағынан алып қалған. Көпшілік Дарханды ісіне адал, білікті маман, өз ортасында абыройлы деп таниды.

«Дархан Бақыткелді Алматы облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясында аға фельдшері болып 2019 жылдан бері қызмет атқарады. Осы уақыт аралығында жеті жүкті әйелді аман-есен босандырып алды. Маман халықтың тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде сапалы қызмет алуына жәрдемдесіп жүр», — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кету керек, сыйлықтың өзі мен жүлде қорын Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері құрып, ұйымдастырған. Шара бастамашыларының айтуынша, жобаның мақсаты қоғамның маңызды салаларында жұмыс істейтін, өңірлердегі кіші және орта буын жас мамандарды көтермелеу. Сонымен қатар бұл сыйлық әлеуметтік маңызы бар және жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыруға ықпал ету үшін өткізілгендерін жеткізді.

ӘМСҚ Алматы облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

Related Posts

Жаңалық

Жаңа аллея мен газ мәселесі: Байсеркеде тұрғындар әкіммен кездесті

  Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетовтің тұрғындармен кездесулері жалғасуда. Бұл жолы аудан басшысы Байсерке ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесті. Кездесуде Әли ауылында жаңа аллея салу, газдандыру және инфрақұрылымды дамыту мәселелері көтерілді.
Жаңалық

Алматы облысында талап бұзған медицина мекемелеріне айыппұл салынды

Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті биыл 9 айда 61 денсаулық сақтау ұйымына тексеру жүргізіп, барлығында (100%) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғанын анықтады, деп жазды Алатау арайы порталы. Атап айтсақ, медициналық ұйымдарда жұқпалы
Жаңалық

Алматы облысының 5 өңірінде су тасқыны қаупі жойылды

  Алматы облысы ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Дәурен Азаматов су тасқыны қаупі бар 20 елді мекен бар екенін, 5 елді мекенде қауіп толығымен жойылғанын баспасөз мәслихаты барысында атап
Жаңалық

Жетісу облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Жетісу облысында қызылша бойынша жағдай тұрақталып келеді. Жетісу облысында қызылша ауруымен сырқаттанушылық төмендеді. Өткен жылдың желтоқсанында – 218 жағдай тіркелді, 2024 жылғы қаңтарда – 131. Өңірде қосымша жаппай иммундау жұмыстары