Жаңалық

Алматы облысының фельдшері «Алтын жүрек» сыйлығын иеленді

Елордада Жас мамандарға арналған «Jas Kenes Siylygy» сыйлығының иегерлері анықталды. Бұл марапат елімізде биыл алғаш рет өткізіліп отыр. Жеті аталым бойынша өткен конкурсқа 700-ден аса азамат қатысуға ниет білдірген. Нәтижесінде әр номинациядан екі жеңімпаз марапатталған. Үздік деп танылғандар қатарында облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясының аға фельдшері Дархан Бақыткелді де бар.
Іле ауданы Боралдай ауылының фельдшері «Алтын жүрек» аталымына лайық деп танылған. Дархан 6 жылдық фельдшерлік тәжірибесінде жедел медициналық жәрдем көлігінде аяғы ауыр әйелдерді жолда аман-есен босандырып, жеті бірдей нәрестенің дүние есігін ашуға көмектескен. Бүгінде олардың кіндік әкесі. Сонымен қатар жол апатынан зардап шеккен, хәл үстінде жатқан талай жанды ажалдың тырнағынан алып қалған. Көпшілік Дарханды ісіне адал, білікті маман, өз ортасында абыройлы деп таниды.

«Дархан Бақыткелді Алматы облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясында аға фельдшері болып 2019 жылдан бері қызмет атқарады. Осы уақыт аралығында жеті жүкті әйелді аман-есен босандырып алды. Маман халықтың тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде сапалы қызмет алуына жәрдемдесіп жүр», — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кету керек, сыйлықтың өзі мен жүлде қорын Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері құрып, ұйымдастырған. Шара бастамашыларының айтуынша, жобаның мақсаты қоғамның маңызды салаларында жұмыс істейтін, өңірлердегі кіші және орта буын жас мамандарды көтермелеу. Сонымен қатар бұл сыйлық әлеуметтік маңызы бар және жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыруға ықпал ету үшін өткізілгендерін жеткізді.

ӘМСҚ Алматы облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында 135 мыңға жуық ШОБ субъектілері жұмыс жасайды

Алматы облысында шағын және орта бизнесті дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Облыста кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталған түрлі бағдарламалар мен қолдау шаралары бар. Олардың қатарында несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау,
Жаңалық

Қаржы пирамидасы – қоғамды дендеген дерт

Б.Құранбек ағамыз көзі тірісінде көтерген әлеуметтік мәселелердің бірден  бірі  – қаржы пирамидасы. Кезінде «Айтуға оңай» бағдарламасында көтерілген тақырып бүгінде алып бәйтеректей тамыры жайылып, үлкен кеселге айналып барады. Ең  өкініштісі оның
Жаңалық

Алматы облысында 300 су қойма штаттық режимде жұмыс жасап тұр

    Облыстың гидрометеорологиялық жағдайы тұрақты деп, хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Көктем келе қызыл судың қатерінен сақтану әдетке айналған. Қазіргі таңда жауаптылар су қоймаларына жүйелі түрде бақылау жүргізу үстінде. Штаттық
Жаңалық

Алматы облысының тұрғындары тұмауға қарсы вакцина алды

  Алматы облысында тұмау мен ЖРВИ-дің таралуы ерекше бақылауға алынды. Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаиловтың айтуынша, қыркүйек айынан бері 60 мыңнан астам адам медициналық көмекке жүгінген, олардың 63%-ы